noti noti

Үшінші қоңыраудан кейін кіруге тыйым салынады

Әкімшілік Сізден спектакльдің басталуына дейін 10 минут қалатындай етіп уақытыңызды есептеп, кешікпеуді сұрайды
noti noti

Залға алып өтуге болмайды

Залға азық-түлік, су және басқа сусындарды алып өтуге болмайды
noti noti

Ұялы телефондар

Ұялы телефондар мен басқа да шуы бар құрылғыларды спектакль басталғанға дейін сөндіріп қою қажет
noti noti

Темекі шегу

Театрдың барлық орынжайында темекі шегуге тыйым салынған
noti noti

Спектакль кезінде

Спектакль кезінде дирекцияның рұқсатынсыз аудио-бейне жазба мен фото түсірілім жасауға жол берілмейді
noti noti

Егер орныңыз бос емес болса

Егер орныңыз бос емес болса, әкімшіге хабарлау қажет

Сыртқы келбет

Театрға келудің әрбір сәті мерекеге айналу қажет. Театрға келген адам демалады, залдардың әсем әрленуінен, сондай-ақ қонақтардың сырт келбетінен тұратын көркем атмосферамен тамсанады. Театр әкімшілігі дресс-кодты қатаң сақтауды талап етпейді, дегенмен біз қонақтарымызды сәнді, салтанатты түрде көргіміз келеді. Сіздің шаш үлгіңіз артқы жақта отырған көрермендердің қойылымды тамашалауына кедергі келтірмеуі қажет.

Балалар және театр

Театр есігі барлығына айқара ашық. Біз өскелең ұрпаққа көп көңіл бөлеміз, жас көрермендерімізге әрдайым қуаныштымыз. Бірақ әлем театрларының басым көпшілігінің тәжірибесінде балаларға жасы бойынша шектеу қойылады, себебі опера мен балет ұзақ та ынталы зейінді талап етеді. Осылайша, кешкі спектакльдерге 10 жастан асқан, ал таңертеңгі қойылымдарға 5 жастан асқан балаларды шақырамыз (міндетті түрде билеті болуы қажет).

Сіздің қауіпсіздігіңіз біздің қолымызда

Театрымызда қонақтарға толық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күзет қызметкерлері жұмыс жасайды. Театр әкімшілігі сіздерден өздеріңізбен бірге басқа көрермендерді жаралауы, сонымен қатар театр мүлігіне зиян келтіруі мүмкін түйрегіш және кесетін заттарды әкелмеуді сұрайды.