Театрды қолдау
Театрды қолдау бөлімінің мақсаты – театрдың жарғылық қызметін жүзеге асыруға жәрдемдесу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қаражатты жинақтау. Алынған қаражат премьералық спектакльдерді шығаруға бағытталған.
Театрдың миссиясы – дәстүрге негізделген 21 ғасырдың болашақ классикасын жасау.
Театр өз қызметінде үш принципті ұстанады:
Театр – азаматтарды біріктіретін баршаға ашық аумақ;
Жаңа академиялық өнерге қолдау көрсету;
Қазіргі заманғы өнер ретінде опера және балет өнерін көрсету.
Театрға тарту - бұл сіздің сахнадағы әрекетке және шығармашылық процеске қатысуға қосқан үлесіңіз.
Картадан аудару
«Қолдау» түймесін басу арқылы сіз келісесіз ұсыныс шартына және жеке деректерді өңдеуге қатысты саясатқа
Театрдың көрермендермен ынтымақтастығын кеңейту үшін жасалған «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының арнайы жобасы.
Театр достарының клубы «Астана Опера» театрын қолдауға мүдделі және оның дамуына атсалысуға дайын адамдардың басын біріктіреді.
Театр достарының клубы – театрдың көрермендермен ынтымақтастығын кеңейту үшін жасалған «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының арнайы жобасы.
Театр достарының клубы «Астана Опера» театрын қолдауға мүдделі және оның дамуына атсалысуға дайын адамдардың басын біріктіреді.
Театр достарының клубына жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлық бейжай емес адамдар, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, оның ішінде шетелдік компаниялар мен кәсіпорындар қабылданады. Әрбір ниет білдіруші асқақ өнерге қатыстылығын сезіне алады.
Театр достарының клубына мүшелік ету – «Астана Опера» театры қызметіне жеке үлес қосу, қала мен еліміздің мәдени құндылықтарын сақтау мен еселеуге үлес қосу.
Дос
Құрметті дос
Серіктес
Демеуші
Кәмелеттік жасқа толған кез келген азамат, не болмаса «Астана Опера» театрының қызметіне жақтасып, материалдық әрі қаржылық қолдау көрсетуге дайын коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар Клубтың мүшесі бола алады және осылайша орнына бір жыл бойы «Астана Опера» театрына келудің арнайы шарттары мен артықшылықтарын пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Клуб мүшелері театрдың сан қырлы қызметін егжей-тегжейлі зерделеуге және оның одан әрі дамуы үшін өздерінің ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік беретін артықшылықтарға ие болады.
Арнайы театрлық іс-шаралар өткізіліп, «бейілділік бағдарламасы» жасалатын болады, клуб мүшелері «Астана Опера» өміріне белсенді қатысып, сахна сыртына саяхат жасай алады, сондай-ақ әртістермен шығармашылық кештерге қатысып, театр бағдарламалары мен жобаларын іске асыруда атсалысады.
Eurasian Resources Group (ERG)
«Астана Операның» тұрақты серіктесі әрі демеушісі