Кандидаттың жасы 01.10.2024 жылғы жағдай бойынша есептелінеді.
Кандидаттардың конкурсқа қатысу өтінімдерін қабылдау 16.07.2024-30.08.2024 ж. аралықтағы кезеңде жүргізіледі
Оқу үшін кандидаттардың конкурсына қатысу үшін құжаттар мен бейнематериалдарды ұйымдастырушының astanaopera.academy@gmail.com поштасына жіберу қажет : astanaopera.academy@gmail.com
5 ариядан тұратын репертуар тізімі (кемінде 3 түрлі тілде), оның ішінде:
- батыс еуропалық немесе орыс композиторының кеңейтілген толық бір ариясы,
- бір камералық туынды (батыс еуропалық, орыс және қазақстандық композиторлардың романстары).
YouTube арнасындағы екі арияның бейнежазбасына сілтеме көрсету. Туындылар түрлі стильдер мен дәуірлерге жатуы тиіс. Түрлі тілдерде арияларды орындау құпталады.
Бейнежазба өтінімді жолдағанға дейін 6 айдан бұрын емес жасалуы тиіс. Ол концерт немесе спектакль жазбасы болмауы қажет. Дыбыстың таза сапасы мен орындаушы кандидаттың жақсы, анық көрінуі талап етіледі.
Екі ария да бір бейнетүсіріліммен жазылуы тиіс. Бейнежазбаны редакциялауға және монтаждауға қатаң тыйым салынады.
Аталған ариялар кейінгі турларда қайталап, бірақ жанды дауыста орындалуы мүмкін.
I турдағы қатысушылар саны шектелмеген.
Құжаттар тізбесі
Сауалнама
(эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеулер күшейтілген жағдайда, тыңдау онлайн форматта өтеді)
Екінші турдың тыңдауы 2024 жылғы 26-27 қыркүйек күндері Астана қаласында «Астана Опера» театрында өтеді
—комиссияның таңдауы бойынша екі түрлі сипаттағы ариялар (алдын ала тізімнен)
—бір камералық-вокалдық туынды
Кандидат сайттағы электрондық сауалнамада алдын ала көрсете отырып, концертмейстердің өнер көрсетуін өзі қамтамасыз етеді.
Концертмейстер қажет болған жағдайда, кандидат бұл туралы ұйымдастырушыға алдын ала хабарлауы тиіс.
II турдағы қатысушылар саны — 40 адамнан артық емес.