Театрды қолдау
Театрды қолдау бөлімінің мақсаты – театрдың жарғылық қызметін жүзеге асыруға жәрдемдесу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қаражатты жинақтау. Алынған қаражат премьералық спектакльдерді шығаруға бағытталған.
Театрдың миссиясы – дәстүрге негізделген 21 ғасырдың болашақ классикасын жасау.
Театр өз қызметінде үш принципті ұстанады:
Театр – азаматтарды біріктіретін баршаға ашық аумақ;
Жаңа академиялық өнерге қолдау көрсету;
Қазіргі заманғы өнер ретінде опера және балет өнерін көрсету.
Театрға тарту - бұл сіздің сахнадағы әрекетке және шығармашылық процеске қатысуға қосқан үлесіңіз.
Картадан аудару
«Қолдау» түймесін басу арқылы сіз келісесіз ұсыныс шартына және жеке деректерді өңдеуге қатысты саясатқа
«Астана Опера» солисі, Astana Opera Халықаралық опера академиясының түлегі, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Әлихан Зейнолла Флоренциядағы дель Маджио Музыкале Фьорентино (Teatro del Maggio) театрында тағылымдамадан өтті. Ол екі айға созылды, сәуірде жас тенор Қазақстанға оралды. Пәндердің негізгі курсы италиялық театр жанындағы түрлі жастар бағдарламасын іске асыратын Маджио Музыкале академиясында оқылды.
Екі айлық тегін тағылымдамаға солист 2023 жылдың жазында Флоренцияда өткен сәтті тыңдаудан кейін ие болды. Академия директоры Джанни Тангуччи қазақстандық вокалистің дарынын байқап, оқудан өтуге ұсыныс білдірген. Оқу 4 пәннен тұрды, олардың қатарында: Данте Алигьери атындағы атақты мектепте «Шетелдіктерге арналған итальян тілі» және вокал мен партия бойынша жұмыс істеудің тар бағыттағы үш пәні.
– Бұл мен үшін Astana Opera Халықаралық академиясында үйренген тілді іс жүзінде қолдануға бірегей мүмкіндік болды. Сонымен қатар Россини, Доницетти, Моцарт партияларына маманданған испандық баритон, вокал бойынша ұстаз Винченцо Спатола, Джанни Тангуччи, буффондық баритон Бруно де Симоне сынды әйгілі опера әншілерінің шеберлік сабақтарына қатыстым, - деп әңгімеледі Әлихан Зейнолла. - Концертмейстерлердің және коучтардың көмегімен вокалдық техникамды шыңдадым. Маған Бергамо қаласындағы Доницетти театрының әртістік директоры – танымал пианист Джулио Дзаппамен жұмыс істеу бақыты бұйырды. Біз көптеген партияларды, арияларды, романстарды талдадық, италиялық опералардың стилімен жұмыс істедік. Сондай-ақ италиялық әртістердің репетицияларына қатысып, олардың жұмыс процесін зерделедім, актерлік және вокалдық шеберліктің барлық қыр-сырын ұғынуға тырыстым, режиссерлер мен дирижерлердің солистерге қандай талап қоятынын қарадым. Бұл мен үшін жақсы тәжірибе болды деп ойлаймын. Astana Opera Халықаралық опера академиясындағы ұстазым А.Гусевтің маған үлкен шығармашылық қолдау көрсететінін атап өткім келеді.
Айта кетсек, Әлихан Зейнолланың бұл сапарда кәсіби тәжірибесін арттыруға мүмкіндігі болуымен қатар, 7 сәуірде Еуропадағы алғашқы дебюті де орын алды. Флоренциядағы тағылымдамадан кейін отандасымыз Венгрияның астанасы Будапештте әйгілі Ф.Лист залы сахнасында өнер көрсетті. Әлихан Зейнолла Дж.Россинидің «Стабат Матер» мессасын орындады. – Мен өзімді көрсеттім, Қазақстанды таныттым. Бұл істі абыроймен орындадым деп ойлаймын, себебі өнер көрсеткеннен кейін маған келесі театр маусымында венгр әншілерімен концерттік гала-бағдарламаға қатысуға ұсыныс жасалды, - деп атап өтті Ә.Зейнолла.
Жас болғанына қарамастан, «Астана Опера» солисі халықаралық опера аренасында күннен күнге сұранысқа ие болуда. Биыл тамыз айында Әлихан Зейнолланың Тоскана облысында 4 концерттік орындауы жоспарланған. Әртіс сонымен бірге ең беделді әлемдік алаңдардың бірі болып табылатын әрі қазіргі заманның әйгілі әншілері онда баруды зор құрметке балайтын Пезаро қаласындағы Россинидің опералық фестиваліне (Италия) қатысады. Сондай-ақ Ә.Зейнолла З.Палиашвили атындағы Тбилиси мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» спектаклінде граф Альмавиваның партиясын орындауға дайындалуда.
Әншінің жоспарында осы жылдың қазан айында Флоренцияда дель Маджио Музыкале театрында Дж.Россинидің «Күлбике» спектаклінде өнер көрсету де бар.
– Әйгілі спектакльде басты партияны орындауға ұсыныс түскені мен үшін үлкен тосын сый болды. Демек, біздің қазақстандық вокалдық дайындығымыз еуропалық опера мектебінен кем түспейді. Бірақ «Астана Опера» мен үшін әрдайым нөмірі бірінші театр болып қала бермек, қай жерде жүрсем де, әрдайым «Астана Опера» солисі екенімді және туған елім – Қазақстан атынан өнер көрсететінімді айтудан жалықпаймын, - деп әнші сөзін түйіндеді.
Қол жетімді Google Play
Жүктеп алыңыз App Store