Дина Хамзина

Меццо-сопрано Заслуженный деятель РК

Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, музыкалық-педагогикалық факультетінің «Музыка мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдады (оқытушылары – ҚР Халық әртісі Б.Әшімова мен Г. Кармолдаеваның сыныбында, 1994) және аталмыш университетте оқытушы болып қабылданды. 2004-2006 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ассистентура-машықтануынан өтті (ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ш.Әбілованың сыныбында).

2000 жылдан 2013 жылға дейін Абай атындағы МАОБТ солисі.
2013 жылдан «Астана Опера» МОБТ жетекші солисі.

МАРАПАТТАУЛАРЫ:

  • Б. Төлегенова атындағы халықаралық байқау лауреаты (2004)
  • К. Байсейітова атындағы республикалық байқауының Гран-при жеңімпазы (2005)
  • әлемнің өнер орындаушылары чемпионатының Алтын медалі (АҚШ, 2006)
  • Дж. Вердидіі «Трубадур» операсындағы Азучена мен «Аидадағы» Амнерис партияларын Ф. Шаляпин атындағы опералық өнер халықаралық фестивалінде орындаған (Грекия, Татарстан, 2007, 2008)

РЕПЕРТУАРЛАРЫ:

Аналық (М. Төлебаев, «Біржан-Сара»)
Қамқа (Е. Брусиловский, «Қыз Жібек»)
Қарлығаш (А. Жұбанов және Л. Хамиди, «Абай»)
Кармен (Ж. Бизе, «Кармен»)
ПолинаМиловзор (П.И. Чайковский, «Пиковая дама»)
ОльгаКүтуші, (П.И. Чайковский, «Евгений Онегин»)
Сузуки (Дж. Пуччини, «Чио-Чио-Сан»)
Зибель (Ш. Гуно, «Фауст»)
Маддалена (Дж. Верди, «Риголетто»)
Азучена (Дж. Верди, «Трубадур»)
Амнерис (Дж. Верди, «Аида»)
Ульрика (Дж. Верди, «Бал-маскарад»)
Шарлотта (Ж. Массне, «Вертер»)
Любаша (Н. Римский-Корсаков, «Патша қалыңдығы»)
Топыш (Е. Рахмадиев, «Абылай хан»)
Дж. Вердидің «Реквиемінде» меццо-сопрано партиясы

Ринат Салаватов (Қазақстан), Марко Боэми (Италия), Кшиштоф Пендерецкий (Польша), Гинтарас Ринкьявичюс (Литва) сияқты дирижерлермен жұмыс жасады.