Паваротти навсегда

Посвящается 10-й годовщине памяти Лучано Паваротти

«ЭКСПО-2017» бағдарламасы аясында Эмилия-Романья аймағы апталығының ашылуына байланысты, «Астана Операның» Камералық залында ұлы тенор Лучано Павароттиді (Модена, Италия) еске алудың 10-жылдығына арналған концерт өтеді. 3 қыркүйек күні сағат 19.00-де танымал итальяндық әртістер Эмилия-Романья театр қауымдастығы (ATER) мен Қазақстандағы Италия Елшілігімен бірлестікте Эмилия-Романья аймағы мен Л. Паваротти атындағы қор ұсынатын Pavarotti Forever бірегей жобасымен өнер көрсетпек.

01-1973-1981

Лучано Паваротти есімі тек классикалық вокалды сүйіп тыңдайтын жандарға ғана мәлім емес. Италияның атақты лирикалық теноры ХХ ғасырдағы опера сахнасының аңызына айналды. Көптеген рок және қазіргі заманғы жұлдыздар қатысқан «Паваротти және достар» жобасының арқасында жастар арасында ұлы өнерді дәріптеу үшін орасан зор ықпал еткен. Атақты әншінің өмірден озғанына міне он жыл толды, бірақ оның жарқын бейнесі тыңдаушылары мен музыканттарының мәңгі жүрегінде сақтаулы. Осы концерт арқылы Лучано Павароттидің әріптестері мен ізбасарлары даңқты әртіске деген өз махаббаттарын білдіретін болады.

Астаналық тұрғындар мен қонақтар назарына Дж. Верди, Дж. Россини, Э. Де Куртис операларынан ариялар мен дуэттер, сонымен қатар Э. Кракамп, Дж. Бриччальди, Л. Юга, Ф. Борн, В. Де Крешенцоның аспаптық шығармалары ұсынылады.

Осы кеште Лучано Паваротти репертуарындағы туындыларды «Premio Vittoria Caffa Righetti» халықаралық байқауының лауреаты Клаудиа Сассо (сопрано, Италия) және қазіргі таңда Италияда тұратын қырғызстандық талантты тенор Женишбек Ысманов сынды вокалистер орындайды. «Pavarotti D’Oro» («Алтын Паваротти») беделді сыйлығының иегері Ж. Ысманов әлемнің үздік сахналарында өнер көрсетіп, белсенді гастрольдік қызмет атқаруда.

Фортепиано партиясын кезінде Лучано Павароттиге оның сүйікті оқушыларымен өткен сабақ кезінде сүйемелдеген пианист Паоло Андреоли (Италия) орындайтын болады. Музыкант осы күнге дейін Қормен бірге серіктес болып, жұмыс жасауда.

Флейтист, Грэмми сыйлығының, Париж жүлдесінің лауреаты, «Италия Республикасы алдындағы ерен еңбегі үшін» орденінің офицері, Жан-Пьер Рампаль мен Джеймс Голуэйдың шәкірті Андреа Гриминелли өз өнерімен тамсандыратын болады. Көптеген әйгілі музыканттардың пікірі бойынша, ол – әлемдік аренадағы үздік флейтист. Лучано Павароттидің жеке шақыртуы бойынша Нью-Йорктегі атақты Мэдисон-Сквер-Гарденде өнер көрсеткен. Одан кейін әлем бойынша тағы 200 бірлескен концерттері орын алды.

- Лучано Паваротти менің өнер жолымның дамуына баға жетпес үлес қосқан керемет тәлімгер ғана емес, ол маған туған әкемдей болды. Осы концерт арқылы біз ұлы әншіге деген құрметімізді білдіреміз. «Астана Операдағы» өнер көрсету үшін мен маэстро Лучано Павароттимен бірге орындаған бірнеше пьесаларды және концерт кезінде оның орындаған бірнеше опера арияларын таңдап алдым, — деп атап өтті Андреа Гриминелли.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры