Классикалық музыканың алтын беттері

Қазақстандық опера жұлдыздары Дина Хамзина, Салтанат АхметоваЖұпар ҒабдуллинаАйгүл НиязоваМейір БәйнешЕвгений ЧайниковАйзада ҚапоноваГалина Чеплакова және дарынды аспап шеберлері елорда тұрғындары мен қонақтарына «Классикалық музыканың алтын беттерінен» циклінен концерт ұсынады. Кеш 2 маусымда «Астана Опера» театрының Камералық залында өтеді.

_DSC0837

«Астана Опера» театрының көрнекті солисттері опера классикасынан ариялар мен дуэттер, сонымен қатар қазақстандық және шетелдік композиторлардың камералық-вокалдық шығармаларын орындайды. Тамаша музыкалық бағдарламада – Естайдың «Құсни – Қорлан», В.А. Моцарттың «Дон Жуан» операсынан Дон Жуан мен Церлинаның дуэті, Дж.Россинидің «Семирамида» операсынан Семирамиданың каватинасы, Г.Перселлдің «Дидона мен Эней» операсынан Дидонаның ариясы, Ж. Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсынан Олимпияның шумақтары, Б Э. Вила-Лобостың №5 Бразилиялық бахианасы, В. Гоместің «Аве Мария» және т.б.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен театрдың шағын симфониялық оркестрдің орындауында Дж.Россинидің «Фигороның үйленуі» операсына увертюра, Г. Перселлдің «Абделазер» және А.Серкебаевтың «Шалқыма» оркестрлік сюитасынан ронда шырқалады. Дарынды музыканттар –оркестрдің бірінші скрипкасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов және гобойшы Алмат Жайлаубаев жеке нөмірлермен өнер көрсетеді. Классикалық музыка әуесқойлары А.Вивалдидің «Жыл мезгілдері» циклінен «Жаз» концертін және Э.Морриконенің «Габриэльдің гобойы» сияқты танымал туындыларды тыңдай алады.

Көрермендерге халық аспаптарының сазымен рақатқа бөлену мүмкіндігі туындайды. Т.Мұхамеджановтың домбыра мен қобызға арналған «Туған жер» дуэтін тыңдармандарға халықаралық байқаулардың лауреаттарыРуслан Баймурзин және Әділет Аязбаев ұсынатын болады.

Жүргізуші – Мәдениет қайраткері Маржан Жәкенова.

Концерттің басталуы 19.00.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры