Хорватияның атақты музыканттары «Мадам Баттерфляй» операсында

Хорватияның талантты жас әншісі Сандра Пламенац «Астана Опера» Үлкен залы сахнасында Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» жауһарындағы бас партияны орындайды. 6 тамызда дирижерлік тізгінді маэстро Иво Липанович (Хорват ұлттық театры, Сплит қ.) өз қолына алады.

11112227_10206553981152148_3980967218747696399_o

Сандра Пламенацтың табиғи опералық дауысы, жоғары кәсібилігі, образды терең жеткізе білуі және жарқын даралығы тыңдармандарды әрдайым таңғалдырады. Оның керемет вокал дауысын туған жері Хорватия мен шетелде опера сүйгіш қауым жоғары бағалайды.

Әртіс әртүрлі бейнелерді сомдау және күрделі музыканы орындау қабілетімен ерекшеленеді.

Оның репертуарында Р. Вагнер, Дж. Верди, Дж. Пуччини, Ш. Гуно, Г. Перселл, В.А. Моцарт, П. Чайковский, У. Джордано, Ф. Альфано және басқалардың операларындағы жетекші партиялар бар.

Биылғы мамыр айында Сандра Пламенац елорда сахнасында Дж. Пуччинидің «Богема» операсындағы Мимидің партиясын орындады. Сол кезде солист ең үздік еуропалық театрлардың өзінде мұндай жоғары дәрежелі әртістерді кездестірмегенін атап өткен еді.

– Қысқа мерзім ішінде «Астана Опера» театры әлемді таңғалдырып үлгерді. Творчестволық ұжым сиқыршылар тобы тәрізді жұмыс істейді. Театр табалдырығынан аттаған бойы басқа әлемге енгендей боласың. Бұл, сөз жоқ, сахна әртістерінің де, шымылдық артындағылардың да жоғары кәсібилігін көрсетеді. Мен осы театр сахнасында тағы да өнер көрсететініме қуаныштымын,-деп бөліседі Сандра Пламенац.

Мадам Баттерфляй партиясы вокал техникасы жағынан да, төзімділік пен актерлік шеберлік жағынан да операның ең күрделі рөлдерінің бірі болып табылады. Сандра Пламенац кейіпкері образын толығынан жан-жақты сомдайды. Әнші Чио-Чио-сан образы тыңдарман үшін жақын әрі түсінікті екенін атап өтті: себебі Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсының сюжеті өзгертілместен шынай оқиғалар желісінде негізделген.

– Ескішіл ұғым құрбаны Пинкертон бұл үшін барымен құрбан болған нәзік, сүйікті әрі сүйе білетін батыл әйел – нағыз Баттерфляйді көрмейді. Сөзін қабыл алмаған, әйелдерді жиі алмастыратын жапондық принц Ямадори тәрізді болса да, Чио-Чио-сан Пинкертон мен Американы дәріптейді. Жақсы мен жаман барлық жерде бар. Өкінішке орай, бұл жөнінде ол кеш біледі. Қызығы, Баттерфляй ешқашан гейша болып көрмеген де, оны қаламаған да. Тек отбасындағы қайғылы оқиғаларға байланысты, анасының айтуымен ғана бұл кәсіпке үйренген. Әйелге керегі – тек ақша, сонда ғана махаббатты сатып алуға болады деп теріс ойлайтындар үшін операны тыңдап шығуына кеңес берем,- деді әнші.

Сандра Пламенац «Астана Опера» сахнасында бұрын өнер көрсеткен болса, Иво Липанович үшін бұл – қазақстандық тыңдарманмен алғаш танысу. Хорватиядан келген әйгілі маэстроның опералық спектакльдер, симфониялық концерттер және хор шығармаларына дирижерлік ету тәжірибесі мол. Ол беделді марапаттар лауреаты, олардың ішінде Загребте өткен жас дирижерлер байқауының бірінші сыйлығын атауға болады. Иво Липанович Италия, Франция, Германия, Австрия, Корея, Турция және басқа да Еуропа, Азия және Америка елдерінің үздік театрлары мен концерттік залдарында зор табыспен өнер көрсетіп келеді.

Басты партияларды «Астана Операның» жетекші солистері орындайды: лейтенант Б.Ф. Пинкертон – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Чотабаев, Сузуки – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріДина Хамзина, Шарплес – Евгений Чайников. Сондай-ақ хор әртістері мен «Астана Опера» симфониялық оркестрі өз өнерлерін ұсынады. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Даутов.

Басталуы: сағат 18.00.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры