Қазақ өнерінің қазынасы

«Астана Опера» театры тамаша солистерінің орындауында нағыз классикаға айналған туындылар мен халық әндері, сондай-ақ заманауи композиторлардың шығармалары шырқалады. «Інжу-маржан» концерті 5 ақпанда Камералық залда өтеді.

_DSC1272

Концерт ұйымдастырушылары көрерменді жаңа әрі сирек орындалатын музыкалық туындылармен қуантатын болады.Камералық зал сахнасында алғаш рет Т.Бейсенбектің «Аққуым» әніЕ.Рахмадиевтің «Алпамыс» операсынан Мыстанныңтарантелласысондайақ Ғ.Жұбанованың «Еңлік – Кебек» операсынан ариозо, Б.Қадырбектің «Үш қоңырдың аяғы құмболады» әні шырқалады.

Кеш бағдарламасында опералардан ариялар мен дуэттер, АбайЖаяу Мұса туындыларыхалық әндерісондай-ақЕ.БрусиловскийМ.ТөлебаевС.МұхамеджановЕ.РахмадиевБ.БайқадамовҒ.ЖұбановаМ.МаңғытаевН.Меңдіғалиев,Т.БейсенбекС.ЕркімбековБ.Қыдырбек шығармалары ұсынылады.

– Концерттің басты мақсаты – қазақтың ұлттық музыкасын көпшілікке насихаттау болып табылады. Бұл шығармалар – нағыз баға жетпес қазына, сондықтан әртістердің қазіргі ұрпағы оларды бағалап, сақтап, жиі орындап жүрулері тиіс. Осындай өзіндік ерекшелігі басым, бірегей музыкалық мұрамыз барына қуанып, еліміздің музыкалық мәдениетін мақтан тұтамыз. Бізбен бірге «Інжу-маржан» жобасына қатысып жатқан театр режиссері Наталья Кагадий концерттің қызықты тұжырымдамасын жасауда. Өткен жылдар тәжірибесіне сүйене отырып, біз көрерменге дуэттердің өте ұнайтынын байқадық. Сол себепті бағдарламаға жұптар ансамбльдерін қостық. Сахнада әншілер сүю мен қайғыру, қоштасу мен қайта кездесу сезімдерін бастан кешеді, – дейді Роза Нүркей.

Өз өнерін паш ететін тамаша әртістер – Салтанат Мұратбекова, Роза Нүркей, Рамзат Балакишиев, шақырылған қонағымыз – баритон Азамат Жылтыркөзов.

Фортепиано партиясы – Жанар Ахметова, режиссер – Наталья Кагадий.

Басталуы 18.00, билеттер құны – 2000 теңге.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры