Тәуелсіздіктің мерейтойына арнау

Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Жәния Әубәкірова және дирижер Дориан Уилсонның (АҚШ) жетекшілігіндегі «Астана Опера» Симфониялық оркестрі, елорда тұрғындары мен қонақтарына мазмұны терең концерттік бағдарлама ұсынады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт, 27 қараша күні театрдың Үлкен залы сахнасында өтеді.

_DSC3583

Тыңдарманға Тілес Қажығалиевтің «Дала аңызы» балетінен сюита ұсынылады. Ақпан айында «Астана Опера» Симфониялық оркестрі бұл шығарманы Мариинский театрының Концерттік залында орындағанын айтып өту керек. Көрнекті маэстро В.А. Гергиевтің пікірінше, бұл сюита қазақстандық классикалық музыканың бетке ұстары атануға әбден лайық.

Кеште Сергей Рахманиновтың Паганини тақырыбына жазған тамаша да асқақ Ля минор, ор.43 рапсодиясы ұсынылады, автор бұл туындыда ХІХ ғасырдағы жаңа музыка нақышын, джаз және эстрадалық музыка жанрларын үйлестірген еді. Көбінесе симфония-балет аталатын Сергей Прокофьевтің жауһар туындысы – «Ромео мен Джульеттаның» соңғы көрінісі де орындалмақшы. Шығарма мағынасының тереңдігімен ерекше, ондағы ең жарқын үзінділер концерттің репертуарына симфониялық сюита түрінде де, фортепианоға салынған нұсқада да енгізілді.

Әйгілі шекспирлік трагедия тағы бір ұлы композитор – Петр Чайковскийдің де сүйікті шығармаларының бірі болған. Көрермен 1884 жылы үздік оркестрлік туынды деп танылған «Ромео мен Джульетта» увертюра-фантазиясының бар әсемдігін тамашалай алады.

Жәния Әубәкірованың жеке концерттері әлемнің ең үздік залдарында өте сәтті өтіп жүр. Орындау мәнеріндегі әсерлілігі мен жарқын әртістік келбеті, көрерменіне деген құрметі мен махаббаты – осының барлығы белгілі пианиношының талантына бас иетіндердің қатарын уақыт өткен сайын арттыруда. Ол – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бейбітшілік және прогресс сыйлығының, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері, Франция өнері және әдебиеті орденінің кавалері, Ұлы Екатеринаның ІІ дәрежелі «Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» сыйлығы және тағы басқа көптеген халықаралық марапаттардың иесі.

Әлемдегі үлкен сұранысқа ие маэстролардың бірі – Дориан Уилсон Еуропа, Азия, Америка, сондай-ақ, Франция ұлттық оркестрі, Финляндия радиосының ұлттық оркестрі, Токио, Бернск, Оденск, Квебекстің симфониялық және Хельсинки, Копенгаген, Берн, Сеулдың филармониялық оркестрлеріне және тағы басқасына дирижерлік еткен.

Өткен жылдың қазан айында Жәния Әубәкірова мен Дориан Уилсон «Астана Опера» Үлкен сахнасында ІІ халықаралық «Жібек жолы» фестивалі аясында өнер көрсеткенін естеріңізге саламыз.

Басталуы 18:00, билет бағасы 500 теңгеден жоғары.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры