Театр әдебі

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Көрермендер залына үшінші қоңыраудан кейін кіруге тыйым салынады. Сондықтан театр әкімшілігі Сіздерді уақыттарыңызды қойылым басталуына 10 минут қалатындай есептеп, кешікпей келулеріңізді сұрайды.
Егер Сіздің орныңыз бос болмаса, әкімшіге хабарласқан жөн.
Залға азық-түлік, су мен басқа ішімдіктерді кіргізуге болмайды.
Қойылым кезінде дирекция рұқсатынсыз аудио-видео жазылымдар жасауға, суретке түсіруге болмайды.
Ұялы телефондар мен дауысы қатты құрылғыларды қойылым басталмай өшірген жөн.
Театрға алкогольді мас күйде кіруге болмайды.
Театрдың барлық бөлмелерінде темекі шегуге тыйым салынған.
Театрға келтірілген материалдық шығындар кінәлі тұлғалардан бекітілген заң түрінде өндіріліп алынады.

Театрға келушілердің сыртқы келбеті

ҚР театрға келу жан-дүние мерекесі болуы керек. Театрға келген адам бірінші кезекте демалады, әдемі әшекейленген залдар мен қонақтардың сырт пішіні жасайтын әдемілік атмосферасымен тамсанады. Театр әкімшілігі дресс-кодты қатаң сақтауды талап етпейді, дегенмен біз қонақтарымызды сәнді, салтанатты түрде көргіміз келеді. Шаш үлгісі арт жақта отырған көрермендерге қойылымды көруге кедергі келтірмейтіндей болуы керек.

Балалар және театр

Опера театрының есігі барлығына ашық. Біз өскелең ұрпаққа көп көңіл бөлеміз, оларды көрермендер залынан көруді қалаймыз. Бірақ басқа әлем театрлары сияқты, біз балалар жасына шектеу қоямыз, себебі бұл ілтипатты талап ететін опера спектаклі. Кешкі спектакльге біз 10 жастан асқан сатып алынған билеті бар балаларды шақырамыз. Күндізгі спектакльді 5 жастан асқан, билеті бар балалар кіре алады.

Сіздің қауіпсіздігіңіз біздің қолымызда.

Біздің театрда қонақтарға толық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күзет қызметкерлері жұмыс істейді. Театр әкімшілігі Сіздерден өздеріңізбен бірге басқа көрермендерді жаралауы мүмкін, сонымен қатар театр мүлігіне зиян келтіретін шанышқылы және кескіш құралдарды әкелмеуді сұрайды.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры