Франц Шуберттің веналық әуендері

«Астана Опера» музыкадағы Романтизм стилінің негізін қалаушы – Франц Шуберттің туғанына 220 жыл толуын атап өтпек. «Музыка және оның шығарушылары туралы» циклінен алынған «Кешкісеренада» концерті 21 маусым күні театрдың Камералық залында өтеді.

_DSC6475

Ф.Шуберттің туындылары танымал сопраноәншіҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері АйгүлНиязованыңсирек кездесетін контратенор дауыс иесі Батыржан Смақовтыңсонымен қатар таланттыаспапшы музыканттар – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Бекмағамбетованың (скрипка),Нығметолла Кәрімовтың (альт), Асқар Мұқановтың (виолончель), Анатолий Якушкиннің (контрабас), РаушанБескемпірованыңСалтанат Ақбасованың (фортепианоорындауында көрерменге жол тартады.

Ф.Шуберттің шығармашылығында маңызды орын алғантанымал туындысы – неміс ақыны Людвиг Рельштабтыңөлеңіне жазылған «Аққу әні» жинағынан «Серенада»туындысы, «Ұршықтың жанындағы Гретхен» әніграфиняСВайсенвольфке арналған Вальтер Скоттың «Су перісі»поэмасынан Элленнің үш әні шырқалатын болады. «Ave Maria Шуберта» деп жиі атайтын үшінші әні кеңінентанымалОнда поэма кейіпкері Эллен Дуглас Дева Марияғағибадат жасапдұға қылады.

Сонымен қатар концертте адамның табиғатпен үйлесімділікбейнесі жасалған «Форель» әні орындалатын боладыӘсемәуен толқынның жеңіл ойыныкүн көзінің жарқырағансәулелеріне жылғаның сылдырлауы және мөлдір таза судың бетінде зуылдаған алабалықтардың ойыныіспеттесОсы әннің сарыны A-dur «Форель» фортепианолық квинтеттің төртінші бөлігінің асқан шебернұсқаларына тақырып бола білді.

Осы кеште тыңдармандарға австриялық классиктің басқа да туындылары ұсыныладыатап айтқанда,виолончель мен фортепианоға арналған a-moll «Арпеджионе» сонатасы орындаладыАлғашқыда соната 1823жылы веналық шебер ИШтауфер ойлап тапқанал қазіргі күні ұмыт болған арпеджионе аспабы үшінжазылған болатынБұл ішекті ысқылы аспап виолончель мен гитараға ұқсас.

Ұлы композитор әуендерінің ерекше әсемдігі, нәзіктiгi, жігерлілігітереңдігі мен камералық лириканыңғажайып қарапайымдылығы көрермен көңілінен шықтыҰлттық австриялық фольклорге негізделгенФ.Шуберттің музыкасы ХІХ ғасырдағы еуропалық классиканың Романтизм стилінің үздік үлгісі болды.

Жүгізуші – музыкатанушы Сәуле Мәулетова.

Концерттің басталуы 19.00-де.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры