25-26 қараша күндері «Дон Кихот» спектаклі сахналанады © khabar.kz

Бір жарым ғасырлық тарихы бар қойылым «Астана Опера» театрының сахнасынан көрсетіледі.  «Дон Кихот» спектаклінің тұсаукесері тура 2 аптадан кейін өтеді. Қазір Астана труппасының бишілері қызу дайындықта.  Заман өзгерсе де, көне қойылымға деген қызығушылық еш кеміген жоқ. Керісінше 147 жыл бойы талай елде сахналанып келе жатқан спектакльге деген халықтың ілтипаты артып келеді.  Өнер ұжымы қойылымды өңдеп, оған қанық рең беріп, астаналық көрерменге ұсынуды мақсат етіп отыр. Бақтияр Адамжан, Базиль партиясын орындаушы -Мен «Дон Кихот» спектаклінде Базильдің рөлін сомдаймын. Базиль кәдімгі өзіммен қатарлас адам десе болады. Себебі ол жас. Жүрегі махаббатқа толы ғашық жан. Сондықтан бұл спектакльде мен үшін ең алғашқы мақсат – актерлік шеберлігімді көрсету.

Источник: http://khabar.kz/kz/news/m-deniet/item/68281-25-26-arasha-k-nderi-don-kikhot-spektakli-sakhnalanady
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры