Қазақквартетпен бірге саяхат

Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің сапары жалғасады. 18 наурызда «Астана Опера» Камералық залының сахнасында «Қазақквартетпен әлемге саяхат» атты үлкен музыкалық циклдан концерт өтеді. Музыканттар тыңдарманды Алманияға барып қайтқандай әсерге бөлемекші.

_DSC9008

– Осы циклдың идеясы – әрбір жаңа концертте әр түрлі елдер мен дәуірлердегі композиторлардың шығармашылығын паш ету. Алдағы уақытта өтетін кеш неміс композиторларының мұрасына арналған, жоспарда француздық, италиялық, латын американдық, австриялық композиторлардың шығармашылығына назар аудару жоспарға алынған, сондай-ақ біздің барлық саяхатымыз Қазақстаннан басталатындықтан, бағдарламалардың әрқайсысында қазақстандық композиторлардың да музыкасы ұсынылады, – деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Квартеттің жетекшісі Ернар Мыңтаев.

Концерт бағдарламасына И.С. Бахтың «Фуга өнері», Ф. Мендельсонның №6 фа минор ішекті аспаптар квартеті және А. Жайымның  №1 ішекті аспаптар квартеті сияқты әйгілі шығармалар енгізілген.

Квартеттің қатысушылары – Айдар Тоқталиев (1-скрипка), Алексей Лебедев (2- скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт), Ернар Мыңтаев (виолончель) – бағдарламаға қандай шығарма енгізуге болатынын ұзақ талқылаған.

– Егер неміс композиторларының шығармашылығына назар аударсақ, біз оның өте ауқымды екенін байқаймыз. Ұзаққа созылған талқылаудан кейін біз кемеңгер неміс композиторы И.С. Бахтың музыкалық туындыларынсыз концерт толық болмайтыны туралы ортақ пікірге келдік. Романтикалық бағыттағы неміс музыкасының тағы бір жарқын өкілі – Ф. Мендельсон. Азғантай өмір сүргеніне қарамастан ол өзінен кейін көптеген ғажайып, әсерлі, екпінді шығармалар, соның ішінде ішекті аспаптар квартетін қалдырды. Концерт бағдарламасы Арман Жайымның Ішекті аспаптар квартетімен аяқталады. Оның музыкасын қай жерде орындасақ та, ол бәріне ұнайды, – деп аяқтады сөзін Ернар Мыңтаев.

Концерттің басталуы 18:00, билет бағасы– 2000 теңге.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры