Итальяндық нақыш

Танымал итальяндық музыканттар – Стефано Андреатта (пианист) мен Эдди де Надаи (дирижер) 24 маусым күні «Астана Операның» Үлкен залында «Итальяндық классика» концертін ұсынады. Концертке «Астана Операның» симфониялық оркестрі қатысады.

_DSC4953

Бағдарламада атақты композиторлардың шығармалары орындалады: Дж. Россинидің «Ала қанат сауысқан» операсына увертюра, Ф.Листтің Фортепиано мен оркестрге арналған №2 ля мажор концерті, сонымен қатар Дж.Вердидің «Тағдыр күші» мен «Жыл мезгілдері» операсына увертюра («Сицилия кешкілігі» операсынан енгізілген нөмірлер).

Агостино Стеффани атындағы Консерватория түлегі, Густаво Ромеро, Риккардо Рисалити сынды танымал әртістердің шеберлік сабақтарының қатысушысы, талантты пианист Стефано Андреатта үшін «Астана Опера» сахнасында алғашқы өнер көрсету болса, ал белгілі итальяндық дирижер Эдди де Надаи үшін «Астана Операның» симфониялық оркестрімен екінші рет жұмыс жасау болып табылады.

_DSC4962

– «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі – сөзсіз керемет, ерекше сүйіспеншілікпен қайта жұмыс жасауға бара жатырмын. Мен оның икемділігін, әсіресе опералық репертуардағы дыбысталу әсемдігін бағаладым. Себебі оны орындау оңайға түспесі анық. Стефано Андреаттаны бірнеше жыл танимын, бірақ бір сахнада жұмыс жасап көрмегенбіз. Ол жоғары деңгейлі музыкант, Италияда мәртебелі болып табылатын FVG 2016 Халықаралық пианистер конкурсының жеңімпазы. Стефано Андреаттаның орындауындағы солистен асқан шеберлікті талап ететін опус (бір композитордың шығармаларының ішіндегі бөлек нөмірдегі түрі) – Листтің №2 фортепиано мен оркестрге арналған концертіне дирижерлік ету – мен үшін сүйсінерлік жайт, – деп бөлісті Эдди де Надаи. – И.Брамс пен Дж.Верди менің сүйікті композиторларым. Осы концерттің бағдарламасында тек екінші ұлы итальяндық композитор бар, ол Дж. Россинимен қатар итальяндық музыканың нағыз тұғыры. Қазақстандық көрермен қауым осы концерттен керемет ләззат алады деп сенім білдіремін.

***Анықтама

Эдди де Надаи – итальяндық дирижер әрі пианист. Ұзақ уақыт бойы Италияның түрлі театрларында ұстаз-концертмейстер және режиссердің көмекшісі болып жұмыс жасаған. 2003 жылы Печ қаласындағы (Венгрия) Венгр симфониялық оркестрімен дирижер ретінде алғаш рет сахнаға шыққан. 2004 жылы Измир қаласында (Түркия) Дж.Россинидің «Севиль шаштаразы», В.Беллинидің «Норма», ДЖ.Вердидің «Риголетто» операсының қойылымдарына қатысқан. Сол уақыттан бері әлемнің түрлі елдерінде көптеген опералық қойылымдар мен опералық-симфониялық бағдарламаларға дирижерлік еткен.

Стефано Андреатта – Италия, Испания, АҚШ және тағы басқа елдердегі көптеген халықаралық пианистер конкурсының лауреаты әрі жүлдегері. 2007 жылдан бастап Венето қаласындағы филармония оркестрімен, «Нова Амадеус» камералық оркестрі және тағы басқалармен бірге солист ретінде өнер көрсеткен. Қазіргі уақытта Италияда және шетелде камералық музыканың орындаушысы және солист ретінде концерттер беріп жүр.

«Астана Опера» симфониялық оркестрі 2013 жылы құрылды, бүгінгі таңда оның бас дирижері Алан Бөрібаев болып табылады. Оның құрамында жүзден астам музыканттар бар, ұжым үлкен жетістіктерге қол жеткізген, оның ішінде – еуропалық және америкалық гастрольдер, халықаралық фестивальдерге қатысу және атақты әртістермен, атап айтқанда Валерий Гергиев, Марсело Альварес, Хосе Каррерас, Анна Нетребко, Денис Мацуев, Елена Образцова және тағы басқалармен серіктес болу. Қазіргі кезде оркестр театрдың жетекші репертуарлық спектакльдерін, ұлы классиктердің камералық және симфониялық туындыларын, рухани әндерді, концерттерді орындап жүр.

Концерттің басталуы сағат 18.00-де.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры