Ерікті де кербез Кармен Астанада!

Бұл сыған қызының есімін жұрттың бәрі біледі, оған асқан салтанаттың не екенін айтпаса да мәлім: опера және балет, драма және кино қойылымдардың режиссерлері ерікті де азат Карменнің бейнесін жасаған Проспер Мерименің новелласындағы оқиғалар желісіне бірнеше рет жүгінген болатын. «Бұл әлемдегі ең танымал опера болады» – Ж.Бизенің замандасы П.Чайковский операны көргеннен кейін дәл осылай баға беріп, дөп басып еді. 142 жыл өтсе де туынды соншалықты қызық, жаңа серпінді әрі көрерменге қалаулы. «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында Ж.Бизенің «Кармен» операсының премьерасы 17 және 18 қараша күндері өтеді.

_DSC8850 (1)

Оқиғалар желісі бойынша іс-қимылдың қақ ортасында – сұлу, құштарлыққа толы фаталист сыған қызы, ол өзінің тағдырына және өлімін болжайтын карталарына сенеді. Темекі фабрикасының жұмысшысы Кармен оны қоршаған адамдардың өмір салтына әсер етеді – айбынды сарбаз болған сері Хозе контрабандашылардың үлескеріне айналған, сезімтал Микаэла сүйіктісінен айырылған, ал тореадор Эскамильо бұқалар жекпе-жегінде қаза болады.

_DSC7721

_DSC7717

«Кармен» – атақ пен әлемдік театр сахналарына жету үшін тар жол, тайғақ кешуден өткен композитордың соңғы операсы. Ол Ж.Бизе шығармашылығының шарықтау шегі мен өмірлік сәтсіздігі деп саналады. Сыншылардың сөзінше, париждік «Опера-Комик» театрындағы премьерасында бастапқы екі актіні көрермендер жақсы қабылдаған, үшінші пердені – байыппен, ал төртінші көрініс кезінде залда үнсіздік орын алған. Операның либреттосын әдепсіздігі үшін сынап, музыкасын шамадан тыс «білімпаздығы», реңсіздігі, романтикалық әсер мен әсемдіктің жоқтығы үшін сөккен. Нәтижесінде «азғын» деп жарияланған опера толық сәтсіздікке ұшыраған. Осының бәрі Ж.Бизені қатты толқытып, денсаулығына әсер еткен, тура үш айдан соң, 1875 жылғы 3 маусымда 36 жасар Жорж Бизе қайтыс болады. «Карменнің» шынайы ауқымы оның қазасынан кейін ғана бағалана бастаған.

«Астана Опера» театрындағы қойылым үшін қоюшы-дирижер – көптеген халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Операның» бас дирижері Алан Бөрібаев, қоюшы-режиссер – Лоренцо Амато еңбек етуде. Қоюшы-сценографы – қазіргі заманның атақты сценографы Эцио Фриджерио, костюмдер бойынша суретші – «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино, костюмдер бойынша суретшінің ассистенттері – Даниэль Бутард, Хелен Критикос, Арасель Досмұратова, жарық бойынша суретші – Якопо Понтани, проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли. Хормейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Олардың мойнына артылған жүк жеңіл емес – бұл қойылымды осы уақытқа дейін әлемге ұсынылған «Кармен» спектакльдерінің ең биік шыңы ету. Еліміздің көрермендері ғана тыңдап қоятын емес, сонымен қатар халықаралық театр қауымдастығының назарын аудартатын туынды етіп жасау.

Театрдың әр бұрышында жұмыс қызуда… 

_DSC8980

Сахна сыртына қош келдіңіз!

Сахна сырты – бұл жерде көрерменнің назарынан тыс болған дүниенің бәрі жасырынған. Шеберлердің нағыз сиқырлы қаласына ұқсас – декорация элементтері жасалып, костюмдер тігілуде, бас киім мен аяқ киімдері жасалуда. «Кармен» спектаклі алдыңғы қойылымдардан өзінің ауқымымен, шынайылығымен ерекшеленіп, көрерменді ХІХ ғасырдың ортасына, аптап ыстық Севильяға алып барады – бұл жайлы, шағын көшелері мен сәулеті асқан құрылымдары бар испан қаласы. Дәл осы жерде Кармен темекі фабрикасының басқа да жұмысшы қыздарымен бірге су бұрқағына келіп, сарбаздарды еліктірген.

4 пердеден тұратын осынау керемет операда декорациялар жылдам ауысады және рекордтық санға жетеді. Көркемдік-қойылым кешенінің жетекшісі Виктор Караренің айтуынша, үшінші акт көрінісі тауда басталады, көрермендер он екі (!) метрлік декорация элементтерін көреді және бірнеше минут ішінде 50 сахна машинисті таулы аймақты бейнелейтін көлемді құрылымдарды орталық қала алаңына ауыстыруы қажет.

– Декорацияларды жасаудың технологиялық үрдісі оның бірегейлігі және мәңгі-бақилығын анықтап, жоғары сапасын қамтамасыз етуімізбен ерекше. Пайдаланудың орташа мерзімі – 15-18 жыл. Осыдан 2 онжылдық бұрын мұндай мерзім қысқа болатын, бірақ қазір жаңа технологияларды, берік материалдарды пайдаланудамыз – шыны пластик, алюминий, металл осы кезеңді ұзартуға мүмкіндік береді.

Бұл спектакльдің айрықша кереметі бейнепроекциялар мен жарық әсерлері болмақ. Якопо Понтани (Италия) және Карим Рамаш (Қазақстан) – өз ісінің шеберлері – жарқын әрі қызықты әсерлер жасайды. Қойылымға ерекше нақышты жылқылар береді, бұл жануарлар театрымыздың сахнасына бірнеше рет шыққан болатын, – деп бөлісті Виктор Караре.

_DSC1333

_DSC7934

_DSC7923

Астаналық театрдың көптеген спектакльдерінде қатты декорациялар пайдаланылады, яғни кенеп матаға бейнеленгені емес, керісінше нақты көлемде орындалып, әрбір бөлшегі аса маңызды жоғары көркемдікпен жасалған элементтер қолданылады. Мысалы, жаңбыр жыл өткен сайын көркемдігіне сөз жоқ испан үйлерінің іргетасының төменгі жағын шая бастайды – осындай ұсақ-түйекті де көрермен көре алады. Бірақ, соларды көрсетіп, тарихи кезеңнің атмосферасын жеткізу үшін мамандарға бояу түстерін дұрыс таңдап, арнайы бүріккіш пен өзге де бутафорлық айла-тәсілдерді қолдану қажет болды. Спектакльде барынша шынайылыққа қол жеткізу үшін қаланың көрінісін беретін бейнепроекциялар іске қосылады: декорациялардың арт жағында көрерменге испан табиғатының керемет аясы айқара ашылады. Осындай сән-салтанаттың авторы – өнер әлеміне кеңінен танымал сексен жасар сценограф Эцио Фриджерио, өзінің егде тартқан жасына қарамастан, күн сайын оқып-үйренуден тайынған емес. Оның қойылымдарының тартымды әрі қайталанбас ерекшелігі осыдан болса керек.

_DSC7561

Қазірдің өзінде таборға қосылса болады

Сыған костюмдері «Астана Опера» тігін цехында жасалған алуан түрлі киімдердің ішінен ең бірінші болып көздің жауын алары анық. Сары, қызыл, жасыл, көк – «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино осы қойылымда барлық түстер мен реңктерді қолдануды жөн көрген секілді.

_DSC7758

_DSC7760

– Бұл жерде жаз мезгілінен қыс кезіне кенеттен ауысу көрсетілген, сондықтан қара-күңгірт түстер де баршылық. Темекі фабрикасындағы сахнада – әйелдер жалаңашталған, костюмдер бойынша суретші оларды корсет пен жейдеде көрсеткен, біз ол үшін жұмсақ түстерді қолдандық. Барлық картиналар бояу түстерімен ерекшеленеді, басым бір түс жоқ, әрдайым түрлі-түсті, – деп түсіндірді костюмдер бойынша суретшінің ассистенті Арасель Досмұратова.

Театр әртістері 400 костюм киіп, екі рет киім ауыстырады, ал олардың бейнелерін бас киім толықтырып тұрады. Қала ханымдары мен сарбаздарға арналған жазғы, қысқы бас киімдер толық дайын емес, оларды әлі әрлейтін боламыз. Шеберлердің айтуынша, бас киімдер өте ыңғайлы, оларды жасау әрі өлшемін шақтау – бір ғанибет.

_DSC7823

_DSC7812

_DSC7802

_DSC7767

Қысқы киімдер ауыр матадан жасалған, бірақ осындай салмақты әрі жиектемемен көмкерілген пальто, фрак, пончо әншінің жұмысына қиындық келтірмейді. Тігін цехында тарихи кезең ескеріліп, тиісінше ХІХ ғасырдың ортасындағы пішім үлгілері қолданылуда.

_DSC7779

_DSC8899 (1)

– Әнші қыздарымыз үшін арнайы ішкі көйлек жасаудамыз, корсет белді кішкене қысып, дем алу жүйесіне кері әсер етпейді. Барлық киім жұмсақ, жеңіл әрі ыңғайлы, – деп қосты Арасель Досмұратова.

_DSC7783

_DSC7742 (1)

Франка Скуарчапино үшін бұл «Карменнің» төртінші спектаклі. Суретші классиканы ұнатады, классикалық нұсқада пайымдаған «Астана Опера» театрының қойылымы режиссердің жанына жақын болды. Қазақстандағы әріптестері үшін үлгі ретінде Италиядан ХІХ ғасырдағы фрактардың түпнұсқасын ала келген. Оның ассистенттерінің сөзінше, театр костюмдерін «жалған етіп» жасау қалыптасқан, соған қарамастан, әртістер кейіпке тез еніп, өздерін барынша қолайлы сезінулері үшін толыққанды қалталары мен жейделерді тігуді жөн санадық.

_DSC8909

_DSC8945

Спектакльге «Астана Опера» балалар студиясының жас әртістері де қатысуда. Олар киім өлшемдерін шақтауға барып, өз партияларын ынтамен оқуда.

Ф.Скуарчапиноның нағыз тореадор костюмын жасағанын белгілі. Ол үшін толық ақпаратты оқып, қолмен костюмдерге алтын жіптермен өрнек салған көне тігін шеберханаларына барған. Сондықтан тореадорлар шеруінің көрінісі таңғажайып боларын сеніммен күтуге болады.

Қажырлы еңбектің сиқыры

Бұл жерде жұмыс жасамайды, бұл жерде ойлап шығарады – «Астана Операның» бутафорлық цехы – ғажайыптар орын алатын мекен. Мына мылтықтардан қазірдің өзінде оқ атылып, шамдар қараңғы бөлмені жарқыратар ма еді? Ал қатарға тізбектелген қыш құмыралар жаңа сауылған сүтпен шөліңді қандырар ма еді?

_DSC7523_DSC7671_DSC7625

Бутафорлық цех ұжымының есебінде бірнеше қызықты жұмыс бар, бірақ «Кармен» операсы суретші-бутафорлардың назарын ерекше аударуда. Бұл жердегі барлық реквизиттер ХІХ ғасыр дәуірін бейнелейтін эскиздерге сәйкес жасаған. Декорациялармен бірге тұрмыстық заттар күн сәулелі Севильяның бейнесін ашқан, ал қойылымда үй тұрмысына қажетті жабдықтарды қолданатын көріністер өте көп.

– Пішіні өзгеше ыдыс, құмыра, сауыттардың эскиздері бізді бірден таң қалдырды. Олар папье-маше технологиясы бойынша жасалған, бірақ бастапқыда пішіндер соғылып, сазбалшықпен тартылған, кейін гисп құйылып, содан барып папье-маше жасалған, – деді суретші-бутафор, мүсінші Дәурен Омаров, – бутафорлық мылтықтар дайындалу технологиясы бойынша шынайы нұсқасына пара-пар: ағаш, металл және шекіме, ал арнайы механизм қойса, атуы мүмкін. Жарықшамдар ағаштан әзірленген, бірақ темір қоспасында тот басқан ескі жезден жасалған іспеттес.

 _DSC7889_DSC7621

Суретші-сценограф Эцио Фриджерио бутафорлардың барлық реңктерді дұрыс қолданғанын тексеруде, кей жерлерінде өзіндік сызбаларын қосуда. Жәрмеңке көрінісі өте қызықты жасалуда. Бұл жерде бәрі де шынайы испан базарындағыдай – бас киім мен сөмкелер, жеміс-жидек пен көкеністер молынан ұсынылған. Сөмкелер жарық түскен кезде жасанды көрінбеуі үшін аздап ескірген әсерде жасалған, кері жағдайда театр жарығы түскен кезде сөмкелер жылтырап, қойылымның жалпы стилінен «өзгешеленіп» қалу қаупі бар.

 _DSC7677_DSC7675_DSC7669_DSC7537

Контрабандашылардың өзге елге порт арқылы тасымалдайтын түйіншек, орамаларынан теңіздің лебі еседі. Қатты байланып, бірнеше рет тығылған олардың беткі қабаты біршама айғыздалған. Шын мәнісінде, түйіншектердің іші поролонмен тығыздалып, сырты қап тігетін матамен қапталған, мықты жіңішке арқанмен тартылып, қалпын сақтап тұратын арнайы сұйықтықпен өңделген.

 _DSC7705_DSC7700

Әртістер бұл бутафорияға үйренуі тиіс. Дайындық кезінде осы заттардың біреуі ыңғайсыз болуы мүмкін, сондықтан бөлшектерді жетілдіру, қайта қалпына келтіру бойынша процесстер орын алады.

Ең қиыны – бейнені жасау

Декорация, бутафория және костюмдер дәуір тынысын берері анық, бірақ әртістер келген кезде сахнада нағыз сиқыр орын алады, көрермендермен энергетикалық алмасу жүреді. Көптеген әншілер үшін ең күрделісі өз кейіпкерінің бейнесін дұрыс жеткізе білу болып табылады.

Еске салар болсақ, «Кармен» операсы П.Мерименің новелла желісі бойынша жасалған. Әдебиетшілер А.Мельяк пен Л.Галеви либреттосын жазып, оны драматизммен қанықтырды, сезім айшықтарын тереңдетіп, әдеби түпнұсқадан ерекшеленетін кейіпкерлердің айқын бейнелерін жасады.

Мамандардың пайымынша, новеллада тәкаппар әрі қатаң көрінген бұзақы операда басқа кейіпке енген. Бұл жерде ол қарапайым, адал, бірақ ашушаң әрі ынжық адам ретінде көрсетілген. Осы партияны көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Артем Голубев (Ресей) пен репертуары барынша ауқымды, Румын ұлттық операсының солисі Мариус Влад әзірлеуде. Влад Миландағы Ла Скала, Палермодағы Массимо (Италия), Мельбурн опера (Австралия), Берлин мемлекеттік опера, Фрайбург (Германия) және әлемнің өзге де театр сахналарында өнер көрсеткен. Мюнхен және Гамбург филармониясы, Берлин мемлекеттік капелласы және т.б. оркестрлермен ынтымақтастықта болды. Зубин Мета, Даниэль Баренбойм, Рафаэль Фрюбек де Бургос, Геннадий Рождественский, Антонио Паппано және т.б. атақты диижерлермен бірге жұмыс жасады.

Либретто авторлары новеллада болмаған шаруа қызы Микаэланы қосқан, айтпақшы, бұл партияны қазақстандық операның жұлдыздары Майра Мұхамедқызы, Салтанат Ахметова және Альфия Каримова дайындауда. Музыкатанушылардың пікірінше, адал әрі сүюші шаруа қызының бейнесі елеулі өзгерістерге ұшыраған еліктіргіш және арам ойлы Карменнің кейпіне қарама-қайшылық тудырады. Қулық, ұрлықпен айналасу – Карменнің осы бір қасиеттері П.Мерименің новелласынан алынып тасталған. Ж.Бизе оның мінезін ізгілендіріп, қылықтың туралығы мен азаттығын қадап көрсеткен; оның Кармені – әйелге тән сұлулық пен сүйкімділіктің, құштарлыққа толы еркіндік пен батылдықтың көрінісі.

Дина Хамзина Кармен партиясын бірінші рет орындап тұрған жоқ. Әншінің айтуынша, әрдайым кейіпкерінің бойынан жаңашылдық іздеуде.

 _DSC8121_DSC8047

– Кезінде менің Карменім аңқау, бұзақы қыз болған, ал қазір мен оны мүлдем басқаша, ақыл тоқтатқан жан ретінде көремін. Ол ешкімді сүйе алмайды, кері жағдайда бастысы – еркіндігінен айырылады. Ортаға шығып, атақты хабанераны әндеткен кезде, Хозеден басқа барша жұрттың назары Карменге ауады. Кейіпкерім жігітті азғырып, еліктіруге тырысады, нәтижесінде көздегеніне жетеді, – дейді Дина Хамзина.

Татьяна Вицинская үшін бұл дебюттік өнер көрсету болмақ, дегенмен ол итальяндық San Donà di Piave қаласындағы «Teatro San Mauro» сахнасында Карменді концерттік нұсқасында орындаған еді. Эскамильо, тореадор – Барсег Туманян, Сүндет Байғожин, Талғат Мұсабаев;

_DSC8130 (1)

_DSC8971

Музыка – барымыз, байлығымыз

«Астана Операның» бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев бұл операда қоюшы-дирижер болмақ. Маэстроның бес тілден артық, соның ішінде француз тілін меңгергені белгілі. Әртістерге дұрыс екпін жасауына көмектесіп, кей жерлерінде француз сөздерінің мағынасын түсіндіреді.

Ж.Бизе операны әңгіме түрінде диалогтармен жасаған, кейін Эрнест Гиро речитативтерге ауыстырған. Маэстро Бөрібаев Э.Гироның нұсқасына жүгінген: кейіпкерлер әңгімелік мәтіндерге алаңдамай, өз партияларын еш қиындықсыз әндетуде.

_DSC4795

– «Кармен» мәдени аңызға айналған, әлемдегі ең үздік опералардың бірі болып табылады. Еуропада, Азияда бірнеше рет осы операға дирижерлік еттім, бірақ мен үшін «Кармен» операсының классикалық түрдегі алғашқы қойылымы болмақ. Латын тілінен аударған кезде Кармен есімі «жұмбақ» дегенді білдіреді, оны орасан зор талғаммен жасауға тырысу аса маңызды. Көбі режиссерге, оның музыкаға, түпнегізге деген қарым-қатынасына байланысты. Лоренцо Аматомен жұмыс жасап, Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсын қойған едік, сондықтан спектакль жоғары деңгейде өтетініне кәміл сенемін. Қойылымға барынша ұқыппен қарадық, әншілер бірінші нотадан соңғы нотаға дейін Ж.Бизенің жазған партитурасын және оның досы Э.Гироның енгізген речитативтерін орындайды. Э.Гиро автордың қайтыс болғаннан кейінгі тілегін орындау үшін Париждегі премьерадан кейінгі Венадағы келесі қойылым үшін речитативтер жазған. Ж.Бизе өзі қайтыс боларынан бір күн бұрын Вена операсымен речитативтер жазу бойынша шартқа қол қойған еді, себебі веналық әншілер үшін музыкалық нөмір арасында француз тілінде драмалық диалогтарды айту жат нәрсе болатын (Венада негізі тіл неміс тілі болып табылады), бұл жағдай тыңдаушылар арасында түсініксіздік тудыратын еді. Париждегі «Опера-Комик» театрынан ерекшелігі, әңгімелік диалогтар әншілердің бетке ұстар белгісі болар еді. Мен Э.Гироның нұсқасын таңдадым, менің ойымша, ол Ж.Бизенің стилі мен ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы француз операсының үлгісін бұзбай, композитордың музыкалық нөмірлерін сәтті біріктірген. Және ең маңыздысы – іс-қимылдың қозғалтқышы болып табылады. Музыкант ретінде таңдау жасаған кезде музыканың ешбір жерінде тоқталмауын қаладым, – деді маэстро Алан Бөрібаев.

Опера музыкасының көркемдігі соншалықты, оның желісі бойынша бірнеше балеттер, аспаптық, вокалдық және тіпті қазіргі заманғы танымал музыкаға барынша ыңғайланған өңдеулер жасалған. Мысалға, Америкада 1943 жылы Оскар Хаммерстайн Ж.Бизенің музыкасы сақталған, бірақ басқа мәтінмен «Carmen Jones» Бродвейлік мюзиклін жасаған. «Астана Операда» Ж.Бизе жазған түпнұсқаға сай «Кармен» орындалады – бірегейлігі де осы болып табылады.

Әртістер мен спектакль қоюшылары үшін ең басты марапат – көрермендердің ыстық ықыласы. Театрдың барша тобы: шығармашылық ұжым, сахна машинистері, өндірістік цех, костюмерлер, грим жасаушылар және басқалары сахна сыртында көрерменнің қабылдауын толқумен күтуде. Ендеше, темекі фабрикасының тағдырлы сылқым аруы астанамызға әсер етер деп үміттеніп, қойылымның ғұмыры ұзақ болуын тілейміз.

Спектакль театрдың Бас демеушісі «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның қолдауымен өтеді.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры