Елордалық сахнада заманауи «Абай»

Әлемдік деңгейдегі оқиға! «Астана Опера» театрының Үлкен залында кинодай әсерлі заманауи нұсқада қойылатын А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсы, тыңдарман назарына 25 және 26 қыркүйекте ұсынылады. Көрерменді сахнаның барынша ашық кеңістігі, 3D қолданылған бейнеинсталляция, тамаша костюмдер мен декорациялар күтіп тұр.

_DSC3048

Операны ұлы композиторлар А. Жұбанов пен Л. Хамиди қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазған.Тұсауы 1944 жылы кесіліп, сыншылармен қазақ музыкасының жауһары атанған.

Сюжет қазақтың ақыны, ағартушысы, философы Абайдың өмірі және жалындаған махаббаты мен бақталастары сусынға у қосып беру салдарынан қайғылы жағдайға душар болатын, оның шәкірті Айдар жайлы баяндайды.

 _DSC3343_DSC4135 (1)

– Бұл операда кез келген ұлттың өкілі түсінетін қызықты жайттар баяндалады, ал әсем де, эмоцияға толы музыкасы көрерменнің көңілінен шығады. Барлығыңызды тұсаукесерге шақырамын, – дейді қоюшы дирижер, «Астана Опера» бас дирижері Алан Бөрібаев. Маэстро «Абай» операсының еуропалық тұсаукесерін 2012 жылы Алманияда Оңтүстік Тюрингияның мемлекеттік операсының сахнасында жүзеге асырғанын, онда ол туынды авторларының түпнұсқадағы идеясын қалпына келтіріп, партитураны қателер мен түзетулерден тазартып, өз редакциясын ұсынғанын еске сала кетейік. Астанада «Абай» соның, өткен жылы Парижде Елисей даласының театрының көрермендері бағалаған редакциясында қойылады. Сондай-ақ бас дирижер, бұл «Астана Опера» сахнасында өзінің алғашқы спектаклі екенін атап өтті.

_DSC3313

Қоюшы режиссер Джанкарло дель Монако – атақты опера әншісі Марио дель Монаконың ұлы – кеңесші режиссер – ҚР Еңбек сіңірген әртісітәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, «Парасат» орденінің кавалері, профессор Есмұхан Обаевпен бірге операны замануи нұсқада қоятын болып шешті.

_DSC4900

Социалистік реализм кезінде (1944 жыл) қойылған «Абай» операсы бай мен кедейге бөлінетін класқа баса назар аударып, сол кездегі қоюшылар кедейлердің жұпыны келбетін әсірелеп жіберген. – Алайда адам тойға барарда, ең әдемі киімін киді емес пе, – дейді театрдың директоры Төлеубек Әлпиев. – Біз сол заманның тұрмысын ұсақ-түйегіне дейін жеткізетін фольклорлық немесе этнографиялық спектакль қоюды мақсат етпейміз, біз Абайдың шексіз де, сан қырлы әлемін көрсеткіміз келеді, сол себепті декорациялар көбінесе шартты түрде болады, – деді сөзін толықтырған директор.

Қазір театрда тұсаукесерге дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Операның көркемдік безендірілуін қазақстандық және итальяндық шеберлер жүзеге асыруда. Атап айтсақ, олар – заманымыздың аса көрнекті сценографы Эцио Фриджерио мен костюм жөніндегі суретші Франка Скуарчапино. Елордалық көрермен олардың жұмысымен «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі», «Ромео мен Джульетта», «Бақшасарай бұрқағы» сияқты балеттік спектакльдерден біледі.

_DSC4581

Костюмдер мен декорациялар «Астана Опера» театрында және Италияда жасалдыОсылайша, астаналық шеберлер 97 костюм (87 костюм хор әншілеріне және 10 киім миманс әртістеріне арналған). Материалдар – табиғи жібектен бастап,портьерлік матаға дейін. – Біз Италиядағыдай сапалы маталарды таңдауға тырыстық, – дейді дизайнер.

_DSC1567 (1)

Франка Скуарчапино «Абай» операсымен жұмысын, Қазақстанда арнайы сатып алған әдебиеттермен танысудан бастаған. Сондай-ақ суретші кітапханаларымыздан және мұражайымыздан тапқан тарихи фотолардың көшірмесін жасап алған.

Франка ұлттық киімдердің барлық ұсақ-түйегімен жіті танысып, қазақ мәдениетіне шомып, аяқ киімдердің, бас киімдердің және әшекейлердің (олардың саны 203) оюларына ерекше мән берді. Франка Скуарчапиноның ассистенті Ирэн Монти көрнекті суретшінің қолтаңбасын әрбір костюмнен байқауға болатынын айтады, неге десеңіз, әрбір мата, ою мен әшекей асқан ерекшелікпен іріктелді.

_DSC1607 (1)

Ашық түстер тек салтанатты көріністерде пайдаланылады, ал қалған көріністердегі киімдердің реңі көзге ұрмайтын және сол дәуірге сай келеді.

_DSC1575 (1)

Итальяндық шеберлер әртістер киімдерін өлшеген кезде бірге болып, қажет болған жағдайда артық жерлерін кесіп-пішті.

_DSC1612 (1)

Бүгінгінің ең көрнекті сценографтарының бірі – Эцио Фриджерио аталған қойылымның декорацияларын дайындады. Оның қолынан шыққан еңбектер қатарында, заманауи сценографияның дамуына серпін бергендер бар. В.А. Моцарттың «Фигароның тойы» (1973), «Дон Жуан» (1987) және «Барлық әйелдер солай істейді» (1998) спектакльдері әлемде мойындалып, ХХ ғасырдағы опералық театрдың классикасына айналды (Париж ұлттық операсының қойылымы болған «Фигароның тойынан» басқасы Ла Скалада қойылды).

_DSC3120

Эцио Фриджериомен бірге «Абай» операсын қоюға «Астана Опера» театрының декорациялық цехының мамандары және 25 итальяндық шебер ат салысты. Олар алюминий, металл, ағаш, шыны пластигі, полистирол, полиуретан сияқты құрылыс материалдарынан жалпы салмағы 33 тоннаны құрайтын күрделі конструкциялар жасады. Мұндай ауқымды керемет декорацияларды Қазақстандық көрермен алғаш рет тамашалайды. Қойылымда сахнаның барлық техникалық жабдығы қолданылады.

_DSC1633 (1)

_DSC1629 (1)

Барлық бутафория «Астана Опера» театрында әзірленді. Ал мынау – өлшемі әртүрлі шамдар, кітапқа арналған тіреуіштер және сиясауыт, глобус, қанжарлар, кітаптар, бүктеме қағаздар, құмандар және басқасы.

_DSC1634 (1)

Айталық, мынандай глобусты әзірлеу үшін діңгекшере, пенопласт, қағазжелімтегістегіш және, әрине, талант қажет.

_DSC1644 (1)

Бір сөзбен айтқанда, талантсыз опера сияқты қойылымда жұмыс жасау мүмкін емес.

Қоюшы суретшілермен көптен бері бірге жұмыс жасап жүрген проекция жөніндегі дизайнер Серджио Металли, сандық технологиялардаң арқасында аталған спектакльдегі көптеген көріністер сәулетті және жан түршігерлік болатынын айтады. Мысалы, соңындағы үлкен киіз үй мен қыран құстың самғауын жеткізетін проекциялар.

– Бейнені жасау – өте нәзік те, күрделі жұмыс. Кинода мұның барлығы экранда көрсетіледі, театрда болса, үлкен кеңістікті алып жатқан сахнамен жұмыс жасайсың, айтпақшы, оның да көрерменге беретін әсері еш кем емес. Менің мақсатым – көрерменге кинозалда отырғандай әсер беру, және бұл әсер бейнепроекцияның ғана көмегімен жүзеге аспайды, оған сахнадағы көрініс қосылады, ал бұл өз кезегінде өте көп еңбекті қажет ететін процесс.

Әңгімесін жалғастырған жарық жөніндегі итальяндық суретші Виничо Кели операда жарық партитурасының маңызы кем түспейтінін айтады. – Көрерменді ақынға тән арманшылдыққа бөлеп, сол дәуірге апару керек. Ол үшін суретші театрда бар барлық жарық құралдарын қолданбақшы.

_DSC3085

Баспасөзде «Абай» операсының тұсаукесері – Қазақстанның биылғы мәдени өміріндегі басты оқиға екені жазылуда. Отандық опера сарапшылары спектакль қоғамның үлкен қызығушылығын тудыруы керек екендігін алға тартады.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры