Тойдан келе салып, сахнаға шықан әнші

Түркиялық тенор – Мұрат Қарахан және Италиядан келген баритон – Элиа Фаббиан «Астана Опера» театрында. Әлемдік опера жұлдыздары Ла Скала театрының түпнұсқасындағы Джакомо Пуччинидің «Тоска» операсында өнер көрсетеді.

Әртістер таңғы рейспен ұшып келіп, театрды тамашалап үлгерді, Қазақстандық әріптестерімен танысты, атап айтқанда бас партияда – Флория Тосканы алғаш рет сомдайтын Жұпар Аабдуллинамен жүздесті. Бірінші репетицияларын өткізу үшін сахнаға шығар алдында әншілер өздерінің әсерлерімен бөлісті.

Мұрат Қарахан: «Қазақстан – ерекше мемлекет»

P1160825

– Өзіңізді жат сезінген жоқсыз ба, елордалық театр ұнады ма?

Театр тамаша, жер бетінде мұндай өнер ордасын көп кездестіргем жоқ, ол – үздіктердің бірі екенін сенімді түрде айта аламын. Бұл менің Қазақстанға алғаш рет келуім, мен үшін бұл мемлекеттің орны бөлек екенін атап өткім келеді, неге десеңіз, меніңатам да, апам да Қазақстанда дүниеге келген.

– Екі күннен кейін Сіз «Тоска» операсындағы суретші Каварадоссидің партиясын сомдайсыз, өмірде сурет сала аласыз ба?

О, жоқ, мен сурет сала алмаймын, алайда Каварадосси – менің ауқымды репертуарымдағы нөмірі бірінші партия, мен оны өте жақсы көремін және оны орындаған сайын шын мәнінде бақытқа бөленемін.

 P1160847

– Толқитын шығарсыз?

Мен ешқашан толқымаймын, өзімді өте еркін сезінемін, себебі өз кәсібімді жақсы көремін, сондықтан болар ешбір әбіржусіз, толқусыз барлық жұмысымды осы бір жарқын сезіммен атқарамын.

– Үнемі гастрольде жүресіз, үй көрмейсіз, бұған отбасыңыз қалай қарайды?

Опера өнеріне келуіме анам себепкер болды, қазір ол менің Алмания, Франция, Ресей, Қазақстан жерлерін шарлап жүргенімді көріп, қуанады. Аталған елдерге жақында ғана барып қайтсам, ал бұған дейін көргенім қаншама…

Жақында Мұрат Қараханның өмірінде үлкен оқиға болды: өткен сенбіде ол үйленді, жұбайы онымен бірге келіпті, тіпті, репетиция кезінде залдан Мұраттың жұмысына қарап отырды.

 P1160881

– Тенорлар махаббатқа келгенде даналық танытатын шығар, қалай ойлайсыз?

Бұл тұрғыда мардымды ешнәрсе айта алмаймын, мен жақында ғана үйлендім (күледі). Махаббат – бұл оңай сезім емес, егер сіз дұрыс адамды кездестіргеніңізді сезсесіз, онда махаббаттың сізді өзі іздеп тапқаны.

Әңгімеге қосылған итальяндық баритон Элиа Фаббиан Скарпианың партиясын орындайды.

– Сіздің кейіпкеріңізді көрермен ұнатпайды, ол – жағымсыз. Сахнада кеш бойы тер төгіп, өнеріңізді көрсетесіз, ал тыңдарман Сіздің кейіпкеріңізді жек көріп отырады, көңіліңізге келмей ме?

 P1160865

 

Мен бұл кейіпкерді бәрінен де жақсы көремін. Музыкалық, екпіні жағынан алғанда Скарпиа партиясы ерекше әсем, мен оны өте жақсы көремін, сол себепті көрермен менің осы сүйіспеншілігімді сезіп, рөлімнің музыкалық тұрғыдағы көркемдігіне құмары қанады деп ойлаймын.

– Вокалыңыз мінсіз сияқты, бұл Сіздің жаратылысыңыз ба, әлде бұл еңбектің нәтижесі ме?

Тамаша вокал – жаратылысымнан, алайда ол вокалдың сапасы – менің қажырлы еңбегімнің нәтижесі.

– Үншіні дәуірдің  үні деп атауға бола ма?

Әнші тарихи кейіпкерге айналуы қажет, рөлді орындаудың, жеткізудің қажеті жоқ, сол кейіпкер болу керек.

– Көшпелі өміріңіз ыңғайсыздық тууызбайды ма?

Үншінің  өмірі маған қатты ұнайды, күні кеше Сеуілде болсам, одан кейін Берлинге, сосын Финляндияға барып қайттым. Үнемі жолда жүргеннен шаршағаныңды отбасыңмен скайп арқылы сөйлесу қуанышы жуып-шаяды. Мен олармен күнде жүздесемін.

– Жай күнде баритон немен айналысады?

Мен гольф ойнаймын, одан өте жақсы демалып қаламын.

Соңғы қоңырау соғылып, әртістерді сахнаға шағырса, біз оларға сәттілік пен табыс тілейміз. Ал, оқырмандарға «Тоска» операсының тағы 24 мамырда, алайда басқа құрамда өтетінін еске саламыз. Бас партияны ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Маргарита Дворецкая Мұрат Қараханмен бірге шырғаса, барон Скарпианы бұл күні Ескендір Әбжанов сомдайды.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры