Піл мен балет үйлеседі!

Л. Минкустың әйгілі әрі көрнекті «Баядерка» балеті сөз болатынын бірден түсінуге болады, «Астана Опера» үшін бұл қойылым осы жылдың қорытынды тұсаукесері болмақ. Құпияға толы Үндістанның барлық бояуы, оның ұлттық нақышы мен ерекшелігі бутафорлар жасаған көздің жауын алатын декорациялардан және костюмдерден көрініс тапты. Қойылымды тамашалайтын күн жақын қалды – тұсаукесер 25 және 26 желтоқсанда. 

 Слон и балет – совместимы!     6

Осы бір асыра айтпаса да, ғажап қойылымның қалай дайындалғанын театрға саяхат жасау барысында білдік:

Декорациялық цех

Көрсетілім әдемілігі жағынан бүгінгі күнге дейін жасалған дүниелермен салыстыруға келмейді. Бұған толық сенуге болады, өйткені сахналық қойылымға әлемнің көптеген театрлары әріптес болғысы келетін аты аңызға айналған 86 жастағы суретші-сценограф – Эцио Фриджерио жауап береді. Ол әзірлеген декорациялардың таңдаулы нобайлары елордалық театрға зерделеу үшін алдын ала жіберілген болатын. Көркемдік-қойылымдық жұмыстар жөніндегі жетекші Виктор Караре бізге қойылымның итальяндық тараппен бірлесіп жасалып жатқанын айтты.

 Слон и балет – совместимы!     2

– Бізде толығымен дайындалатын қойылымдар, декорациялар бар, алайда «Баядерка» сияқты спектакльдерде жаңа технологиялар пайдаланылады, біз оны енді меңгеріп жатырмыз.

 Слон и балет – совместимы!     7

_DSC2413

Көрерменді қызықтыратын дүниелер баршылық: 11 метр биіктіктегі икемді бағандар айналып, тура бағыт бойынша қозғалады; сахна қас қағым сәтте декорациялармен бірге қанық көк түстен жылы сарыға алмасып, ғажайып түске енеді… Бірінші актіде көрерменге әдемі джунгли мен сыбызғы әуеніне билейтін таң қалдырарлық механикалық жылан ұсынылады. Әсіресе соңғы «Көлеңке» актінде, бейнепроекциялар мен декорациялар арқылы жартастан көлеңкесі түсетін 32 балеринаның биі көрерменді баурап алатыны сөзсіз. Ғажайып мұнымен шектелмейді…

Декорацияларды дайындауға арналған негізгі материалдар – жеңіл, берік қалайы және шыны пластик, оларды тер төге отырып икемді пайдалансаң, әдемі пішінді адам нанғысыз декорациялар туындайды.

 Слон и балет – совместимы!     3

_DSC6360

Ағаштан ою жасаушылар көрші цехтағы әріптестерінің сызбаларын салыстыра отырып таң қаларлық жиһаздар жасайды. Мысалға алсақ, тақ. Шеберлер егер тақты тұтастай ағаштан дайындасақ, ауыр болар еді, сондықтан біз ВХП, полистирол, шыны пластикті пайдаландық деп түсіндіреді. Нәтижесінде шынайы көрінетін және жеңіл, әрі театрға қажет дүние шықты. Мұндай өнім ұзақ сақталады, оған ылғал және құрғақ ауа әсер ете қоймайды.

 Слон и балет – совместимы!     4

Бутафорлық цех

Цехтың есігін ашып қалған кезде алып пілдің нақ пішіні бізді бірден таң қалдырды.

 Слон и балет – совместимы!     5

Ал бұдан кейін: жолбарыс, жыландар, тотықұстар

 Слон и балет – совместимы!     9

Түрлі түске қанық жұмақ құсы әлі дайын бола қойған жоқ, бутафорлардың зергерлік жұмысының арқасында әрбір қанат өз орнына бекітіліп, экзотикалық туынды қойылым кезінде әртістің иығына сән беріп тұрады. Слон и балет – совместимы!     8

Бутафор-декоратор Анастасия Сон нәзік көркем суреттері мен ұсақ өрнектері бар құмыралар жасауда, олардың саны – 11. Ол құмыраларды тек үлгідегідей жасайды, Үндістан туралы танымдық қызығушылығын кеңейтуге тырысқан ол кітап оқып, суретшілердің еңбегін зерделей бастағанын айтады. Кез-келген өрнектің мәнін ұғынғанда, жасап отырған жұмысың өзіңе де түсінікті бола бастайды. Бұған дейінгі қойылымдарға жасалған құмыраларды (мәселен, «Бақшасарай бұрқағындағы») пайдалануға болмай ма деген сұрағымызға бутафорлар әрбір мәдениеттің өз тарихы, өз өрнегі мен үлгісі бар деп жауап берді. Мысалы, осы қойылымға арналған ыдыстардың пішіні сүйірлеу болып келеді. Кейбір құмыралар балет әртістері басына қойып жүре алатындай етіп жасалады._DSC6275

Бутафор ер азаматтар қылыштар, стақандар, шахматтар, шахмат тақтайшасын және желпуіштер дайындауда. Айнаға арнап жанылған негіздерге папье-маше жапсырылып, әсем заттармен безендіріледі. Міне, мынау әртістер бірнеше метр биіктікке лақтыратын атақты барабан.

 Слон и балет – совместимы!     1

ВХП-дан, пенопласттан жасалып, матамен көмкерілген барабан өте жеңіл және берік. Өрнектелген төсектің көрпесі мен жастығы жақын арада дайын болады. Слон и балет – совместимы!     10

Костюмдер цехы

Әртістерге арналған киімдерге костюмдер жөніндегі итальяндық суретші атақты Франка Скуарчапино жауап береді. Олардың әрқайсысы – өнер туындысы. Табиғи тастардан жасалған алтын түспен әрленген, қолмен жасалған безендірулер шығыс сарайының бар сәні мен салтанатын паш етеді. Балеттің көптеген кейіпкеріне арналған жүз отыз үш костюм театр қызметкерлерінің күшімен тігілді, тағы сексен төрт костюмнің материялы Италиядан сатып алынып, сол жерде дайындалған болатын. Матаның қалған бөлігі, Үндістанның өндірушілері жүк кемелер арқылы жеткізген Дубай қаласынан әкелінді. Аталған елдің матасын алғандағы себеп – сол дәуірдің тарихи бұйымдарын дәл жеткізу. Франканың өзі және оның жұбайы Эцио Фриджерио Үндістанда ұзақ саяхат жасаған. Олар өздеріне Шығыс тақырыбы жақын екенін айтады, Түркия елінде тұрған көптеген жылдарын ерекше ықыласпен еске алады.

_DSC3187

_DSC3266

 Слон и балет – совместимы!     11

Суретші «Баядерка» балетіне арналған костюмдерді алғаш рет 1994 жылы Париждің ұлттық операсында (Франция) жасаған. Айтпақшы, сол қойылымдағы Никияның партиясын осы балеттің қоюшы хореографы Алтынай Асылмұратова орындаған. Қойылымның қоюшы хореографының өтініші бойынша костюмдерге арналған маталарға жібек, шифон және т.б. жеңіл маталар алынды.

_DSC3281

_DSC3284

_DSC3305

Франка Скуарчапино аздап қобалжыды, неге десеңіз костюмдерді әртүрлі елдерде жасаған өте қиын, алайда Қазақстанда оның ассистенті Әсел Досмұратова жұмыс істейді, ол өзінің тәлімгерімен күнделікті онлайн байланысқа шығып тұрады. Әсел костюмдерді дайындау жұмыстарының көптігінен олардың жұмысы Италиядан бұрын басталғанын айтады. Бәрінен де пачка тігу күрделі процесс екенін айта кету керек, олардың саны 50-ден асады. Жеңіл итальяндық ашық-жалбыз түсті тор маталар мен оларға арналған тіректер Қазақстанға әкелінгеннен кейін тігіншілер жұмысқа кірісті.

 Слон и балет – совместимы!     14

 Слон и балет – совместимы!     15

_DSC3372

Таланттар ұстаханасы

Сахна жабдығы дайын болғанша, назарыңызды ең маңызды орын – дайындық залына аударғымыз келеді. 

 Слон и балет – совместимы!     17

Спектальге театр труппасы түгелдей қатысады. Мамандар атап өткендей, «Баядерка» – кордебалеттің салтанат құратын кезі, ондағы әртістердің көптігі мен тамаша дайындығы – табыстың басты талабы. Ал әйгілі «Көлеңкелер» қойылымында 32 балет бишісінің бір кісідей он бес минут бойы билеуі – ұмытылмас көрініс! Соңғы акттің дәл осы көрінісін тамашалауға бүкіл әлемнің өнер сүйгіштері жиналады.

Ресейдің халық әртісі, қоюшы хореограф Алтынай Асылмұратова басты партиялардың құрамын тағайындады.

 Слон и балет – совместимы!     16

– «Баядерке» туралы айтсақ, мен үшін бұл ерекше балет. Кезінде менің ұстазым Ольга Моисеева бұл оның сүйікті балеті екенін айтатын, сондықтан ол менімен табанды жұмыс істеп, менің «Баядеркаға» деген талғамымды өзгертті. Бұл балет менің қаныма сіңді. Енді кез-келген жағдайда, қаласаң да, каламасаң да, оны дұрыс қоясың. Никияның партиясына келсек, «Баядерка» екі бірдей балеттен тұратындығымен қызықты. Бірінші және екінші актілер – аса эмоциялық, актерлік, көптеген техникалық қиындықтары бар, бірақ соңғы акт – пачкамен шығатын таза классика. Балет – орасан зор, оны дайындау өте қиын. Көпшілік билейтін сәттер көп: төрттік те, үштік те, және ойын партиясының неше түрі бар. Желісінің өзі тереңдігімен және драмасымен әсерлі. Қысқаша айтқанда, бұл жақсы ескі дәстүрдегі үлкен ойын-сауық спектаклі болады. «Астана Опера» сахнасында барлығы мен үйренген дәрежеде болуын қалаймын.

_DSC1801

Бұл балет Петербургте дүниеге келді, сондықтан ұрпақтар сабақтастығы түпнұсқаға барынша жақын болуға мүмкіндік береді. 1941 жылы осы балетпен өскен Вахтанг Чабукиани мен Владимир Пономарёв оны жаңаша өңдеді. Олардың балетті үйлесімді етіп өзгерткені соншалықты, Батыста мұны Мариус Петипанікі деп ойлайды. Мен көптеген түрлі нұсқаларды биледім, бірақ бұл – ең үздігі. Мен труппаға сенемін, біз бәріміз өте тырысып жатырмыз және жақсы нәтижені қалаймыз.

Никия партиясын үш балерина: Мәдина Баспаева, Әйгерім Бекетаева және Назерке Аймухаметова дайындап жатыр, олардың барлығы үшін бұл дебют, бірақ әркім оны өзінше сезінеді.

Бидің каллиграфиялық қолтаңбасымен және мәнерлі орындау дәлдігімен ерекшеленетін жетекші солист Мәдина Баспаева әрбір қимылды, қадамды, тұла бойыңды, ұсақ-түйегіне дейін, бет әлпетің мен қарағаныңа дейін дайындаған маңызды екенін айтады.

– Бұл драмалық балет, бізге оны толық сезініп, сатқындықты бастан кешкеніңді көрсету керек, бұл өте қиын. Ең қиыны – үшінші акт, оны билеп шығу – балеринаға сынақ тапсырғанмен бірдей.

_DSC1987

Би сыншыларын мінсіз өнерімен таң қалдыратын жетекші солист Әйгерім Бекетаева, партиямен жұмыс тамыз айында басталғанын айтады.

_DSC3073

– Біз күн сайын үйренген жаттығуларымызға жаңа нәрсе қосамыз. Бұл рөл жаныма кейіпкерімнің жастығымен жақын. Бізге эмоциямен, актерлік материалдармен көп жұмыс істеуге тура келеді. Әрбір акттің мықты кезеңдері бар, мен үшін бұл балет –болмысымның әртүрлі қырларын ашуға мүмкіндік беретін жаңа тәжірибе.

Әлі өте жас Назерке Айтмухаметова: «Балет – міндетті түрде сыртқы көзқарасты талап ететін өнер. Бізге аса көрнекті хореограф Алтынай Асылмұратовадан құнды білім алудың мүмкіндігі туды, оның кәсіби бағасы, ескертулері партияны тамаша деңгейде орындап шығуға көмектеседі», – дейді.

Гамзатти партиясымен екі әртіс еңбектенуде. Жетекші солист Гауһар Усина бұл партияны жағымсыз деп есептемейді.

_DSC1913

– Гамзатти – мықты, ақсүйек, әдемі, бай қыз. Түрлі жағдайлармен, оның жігіті басқа біреуге ғашық. Ол, дұрыс болмаса да, өзінің бақыты, махаббаты үшін күресті. Өмірде кім жаңылыспайды? Мен бұған дейін аталған партияны орындағанмын, алайда қазір бұл рөлді егжей-тегжейлі барлық қырынан зерттеп, түбегейлі жұмыс жасап жатырмын. Балетте, көрерменге кімнің жағында болатынын айқындайтындай етіп ойнауды талап ететін көрініс бар.

Жетекші солист Әнел Рүстемоваға бұл дебютті партия болып саналады. Балерина бекзатты отбасының – раджа қызының рөлінде өзін жайлы сезінетінін айтады.

– Мұнда күрделі па-де-де бар, ол күшті қажет етеді және балеттегі техникалық жағынан ең күрделі номер. Партияда секіру, айналу техникасы басым, арқаның, аяқтардың беріктігі керек, бүкіл денеге үлкен ауыртпалық түседі. Кейіпкердің актерлік жан-жақтылығы да маңызды. Балет басында ол – билік иесі, ал соңында, өзінің күйеу жігіті Солорды қайтарып беруін сұрайтын азап шегуші әйел.

Бұл рөлді орындауға Тайыр Гатауов, Бақтияр Адамжан, Еркін Рахметоллаев таңдалды, бишілер оны Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Константин Заклинскиймен дайындауда.

Солор партиясы Рудольф Нуриевтің (1938—1993) сүйіктісі болғанын және ол Париждегі мансабын осы балеттен бастағанын айта кетейік.

Жетекші солист Тайыр Гатауов бұл партияны бұрын орындаған.

_DSC1736

– Әртіске кезіккен мұндай жайды мен тағдыр деп есептеймін. Басты орындаушы спектакльге келе алмай қалып, мен дайындықсыз сахнаға шыққан едім. Сонда маған партия өте ұнаған, дегенмен партияны бірден екі бишімен орындау өте қиынға түсті. Менің кейіпкерім, ең алдымен ер азамат, оның табиғаты сондай: байлыққа, мәртебе мен сұлулыққа қарсы тұра алмады. Ол Никияға қатысты сатқындық жасағанына қатты өкінеді. Өкініш оны ақыры жеңіп, Солор сүйгенінің артынан көлеңкелер әлеміне кете барады.

Балеттің жарқын солисті Еркін Рахметоллаев Шығыс тақырыбына сай партияны да күрделі деп санайды.

_DSC1778

– Әрине, өмірде мен өзімнің кейіпкерім сияқты жасамас едім, бұл кешірілмейді. Барлық спектакльдің өзіндік драмасы, өзіндік хикаясы бар, дәл осы хореографиялық көріністе шынайы өмірде кездесетін оқиға толығымен балет тілінде баяндалған деп есептеймін.

 

_DSC1893

Музыку в этом балете перекраивать не стали. Дирижер-постановщик Арман Уразгалиев отметил, что в музыке Л. Минкуса нет «темных мест», нет таинственности.

– Музыка «Баядерки» специфично балетная, под нее очень удобно танцевать, она, как «музыка-подсказка» или «музыка-суфлер»: если слышатся громкие аккорды, то они соответствует жестам, что понятно артистам. Из множества партитур, написанных Л. Минкусом, «Баядерка» и «Дон Кихот» – самые яркие его вершины. В этом балете композитор раскрыл свой лирический талант, особенно заметно это в сцене «Теней».

Бахтияр Адамжан партиямен күн сайын жұмыс істеп жатқанын айтады.

– Спартактің рөлін орындағаннан кейінгі менің арманым Солорды билеп шығу еді. Мен бұл кейіпкерді өз заманының – байлар тек байларға ғана үйленетін кездің адамы деп санаймын. Ол амалсыздан өзінің махаббатынан айырылып қалды, бәлкім, ол күресер ме еді, бірақ ол қорқып қалды. Музыкасы жағынан «Баядерка» өте әуенді спектакль, көрерменіміз оң бағасын береді деп ойлаймын.

Аталған балеттің музыкасын өзгерте қоймадық. Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев Л. Минкустың музыкасында «қараңғы тұстар» жоқ, жұмбақтық жоқ.

– «Баядерканың» музыкасы тек балетке тән, оған билеу өте ыңғайлы, ол «құлағыңа сыбырлап тұратын музыка» немесе «сыбырлаушы музыка» сияқты: егер биік аккордтар естілсе, олар әртістерге түсінікті қимылдарға сай. Л. Минкус жазған көптеген партитуралардың ішінде «Баядерка» мен «Дон Кихот» – оның шарықтау шыңы. Бұл балетте композитор өзінің лирикалық талантын ашты, бұл «Көлеңкелер» көрінісінде ерекше байқалады.

_DSC4416

Труппа күн сайын тынбай дайындалып, «Баядерканың» тұсаукесері де жақын қалды. Әлемдік музыка мәдениетіндегі ең әйгілі де әдемі балет ретінде ол «Жаңғақ шаққыш» пен «Аққу көлінен» еш кем түспейді. Сұранысы жоғары спектакль сахнаға сән беріп қана қоймай, кез келген театрдың репертуарын асқақтатады.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры