Скрипка мен қобыз сазының үндесуі

World Championship of Performing Arts (Лос-Анджелес, АҚШ) алтын медальдерінің иегері ЛәйләТажібаева-Исаева (прима қобыз) 19 мамырда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері БағдатӘбілханов (скрипка), Мәдениет қайраткері Айсұлу Байкенова (скрипка), республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Жанар Ахатова (альт) және Курванжан Ахатов (виолончель)сияқты белгілі музыканттармен бірге сахнаға шығады. Солистер «Астана Опера» театрының Камералық залында «Folk Classic» концертін береді.

Афиша Кобыз 19мая2017 Соцсети

Концертке жас қобызшылардан құралған «Q квартеті» қатысады, концертмейстері –Айжан Омарова.

Көрнекті қазақстандық қобызшы Ләйлә Тәжібаева-Исаева осы жылы шығармашылық қызметінің 20 жылдығын атап өтеді.

– Осы жобаны іске асыру ойы мектепте оқып жүрген кезімде туындаған. Бағдат Әбілхановпен біз бұрыннан таныспыз, әрдайым қобыз мен скрипкада дуэт болып өнер көрсеткіміз келетін. Енді міне сол бала кездегі арманымызды жүзеге асырмақшымыз. Музыкада барлығы көрініс табады. Мысалға, қазақ халқы өте қонақжай, кеңпейіл халық және біз классиканы ұлттық аспапта орындай отырып, өзіміздің ұғымымызға бейімдеуге тырыстық. Осылайша, біз әлемге ашықтығымызды көрсетеміз. Ал халық музыкасын осы концертте классикалық аспаптардың орындауында тыңдауға болады. Біз жаңа үндесулермен қалыптасқан практиканы бұзу арқылы, бұрыннан қабылданған нормалар шеңберінен шыға отырып, қазақ музыкасын насихаттаймыз. Барлық бағдарлама скрипка мен қобыз үнінің бірігуінен құралған және осы кеште біз сүйікті, жайдарлы көрермендерімізге скрипка, қобыз әуендерін, сонымен қатар джаз композицияларын ұсынамыз,- деп атап өтті Ләйлә Тажібаева-Исаева.

«Folk & Classic» концертінің тыңдармандарын белгілі қазақстандық музыканттардың орындауындағы Барокко дәуірінен XXI ғасырға дейінгі классиктердің шығармалары, сондай-ақ ұлттық музыка жауһарлары күтеді. Концерт бағдарламасында А. Вивальди, М. де Фалья, Дж. Керн, П. Чайковский, Г. Венявский, Р. Щедрин, И. Фролов, А. Пьяццолланың, сонымен бірге Құрманғазы, Махамбет, К. Мусин, Ғ. Жұбанова, Т. Қажығалиев, К. Дүйсекеев, А. Бестібаев, А. Жайым, Б. Аманжоловтың және тағы басқа композиторлардың шығармалары орындалады.

Концерттің басталуы 19.00-де.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры