Мариин театрында «Астана Опера» әртістері зор қошеметке бөленді

1 және 2 ақпан күндері бес мыңға шақ петерборлық көрермен хореографиялық өнердің жауһары – «Париж Құдай анасының соборын» тамашалады. «Астана Опера» балет труппасы әртістерінің өнеріне толассыз қошемет көрсетіліп, бишілер петерборлық балет сүйер қауымды таң қалдыра білді.

Собор Парижской Богоматери_фото Валентина Барановского © Мариинский театр (43)

… Бірнеше сағаттық әуе жолымен 3 368 шақырымдық қашықтықты артта қалдырған әртістер Петерборға тоқтады. Қазақстандық бишілерді Фин шығанағының жағасында орналасқан қала ашық ауа райымен, сондай-ақ спектакльге қатысты жарқын афишаларымен қарсы алды.

 1647

Ресейдің мәдени астанасына бірнеше күн бұрын жеткізілген костюмдер мен декорациялар, Мариин театрының артқы сахна кеңістігіне орналастылырған. Бұл – шеберханалар мен репетициялық залдарға жеке жолдармен қосылған өзіндік тынысы бар жеке әлем. Әртістер Мариинский-2 сахнасына тез бейімділді, себебі ол «Астана Опера» сахнасына қатты ұқсас.

1641642

Қойылымнан бір күн бұрын әртістер мен театр басшылығы ТАСС ақпараттық агенттігі алаңында өткен баспасөз конференциясына шақырылды. Айта кетерлігі, бүкіл әлем журналистері тікелей трансляция арқылы оқиға орнын бақылау мүмкіндігіне ие болды. Ресейлік және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Астана Опера» театрының гастрольдік сапарына үлкен қызығушылық танытты.

Баспасөз конференциясы барысында Санкт-Петербордың сыртқы байланыстар бойынша комитетінің ТМД елдері және РФ өңірлері басқармасының басшысы Светлана Журкина петерборлықтардың әлемге әйгілі театрлардың бірі – «Астана Опера» балет труппасын қуана қарсы алатындығын атап өтті.

IMG_9693

– Біз, қонақтарымыз жұмыс жасайтын театрдың кереметтігінен хабардармыз. Әртістердің Мариинский-2 сахнасында сәтті өнер көрсетуіне тілектеспіз, – деді С.Журкина.

Блогерлер мен журналистер қойылым алдындағы дайындыққа да қатысты. Елена Тарасенконың әлеуметтік желідегі шағын пікірі: «Декорациялар сахнаға орналастырылып, олардың ауыстырылу тәртібі тексерілуде. Кордебалеттің рөлі ерекше. Секіру қимылына икемді мықты әртістер көп. Труппаның орындаушылық техникасы биік деңгейде. Жарқын әрі ықшамдалған костюмдер Ролан Петидің сәл епсіз пластикасына сай келіп тұр. Солистері де тамаша. Қойылымның бірінші күні сахнаға жас орындаушылар шығады. Ерлердің секіру қадамдары алшақ, бидің техникасында мін жоқ. Көрерменнің бұл қойылымнан ләззат алатындығы сөзсіз». 

163

есейлік театрдағы қазақстандық қойылымға екі күн бойы адам лық толды. Бәрі де жоғары мәдениетпен кездесу сәтін асыға күтуде. Жаңа театрдың ішкі жабдығы әдемілігімен көз тартады. Көрермен залының сыртқы қабырғалары жарқын оникс тасымен көмкерілген. Залдың өзі жоғары талғаммен жасалып, ашық түсті ағаш жабдықтар кеңістікті арттырып тұрғандай. Көрермендер өз орындарына жайғасты.

«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, Мариин театрының бұрынғы примасы Алтынай Асылмұратова, петерборлық театрда Ролан Петидің «Париж Құдай анасының соборы» спектаклін қоюды ұсына отырып, таңдау жасауда қателеспегендігіне сенімді болды. Алайда, ол музыка ырғағына дөп түсуді талап ететін стильді, әрі жасампаз хореографияны орындау оңайға соқпасын да жақсы түсінді. Өйткені, өзі де балерина ретінде әйгілі француз балетмейстерінің труппасында күрделі бас партияларды бес жыл бойы сомдаған.

Таңдау дұрыс жасалғаны хақ: балет сүйер қауым мен балет сыншыларын қосқанда барлық көрермен риза болып қана қоймай, шаттыққа бөленіп, ұзақ уақыт әртістерді сахнадан жіберместен толассыз қошеметке бөледі.

Қойылымға Мариин театрының Симфониялық оркестрі қатысты, дирижері – Арман Оразғалиев. Морис Жаррдың күрделі музыкасын әдемі орындау тапсырмасын әртістер де, дирижер де жоғары деңгейде жүзеге асырды. Спектакльдің басталуына дейін жалғасқан ұзақ дайындықтар нәтижесінде оркестрдің де дауысы тамаша шықты.

Собор Парижской Богоматери_фото Валентина Барановского © Мариинский театр (44)

Бірінші күні Квазимодо партиясын көптеген халықаралық байқаулардың Гран-при иегері Бақтияр Адамжан орындады, Эсмеральда рөлінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева жарқырап шықты, Феб – Олжас Тарланов, Клод Фролло – халықаралық байқаулардың лауреаты Ғазиз Рысқұлов.

Ал, екінші күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітбеков Квазимодо партиясын орындаса, оның сүйіктісі – Эсмеральда рөлінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Басбаева болды. Халықаралық байқаулардың лауреаты Арман Оразов Феб бейнесін аша білді. Клод Фролло – халықаралық байқаулардың лауреаты Серік Нақыспеков.

Собор Парижской Богоматери_фото Валентина Барановского © Мариинский театр (1)

Қойылымнан кейін балет сарапшылары спектакльден алған әсерлерімен бөлісті. КСРО Халық әртісі, балет ұстазы, бұрынғы Киров атындағы Ленинград опера және балет театрының (қазіргі Мариин театры) солисті Ольга Моисеева былай деді:

– Қойылым өте керемет әсер қалдырды. «Астана Опера» театрының бізге келгеніне өте қуаныштымын, мұндай керемет орындаудағы қойылымды тамашалаудан ләззат алдық. Труппаның жағдайы өте жақсы, биге жан-тәнімен берілген жалынды жастар екен. Әртістерінің бәрі жас, өздерінің не істеп жүргендерін түсінеді, көрерменге бәрін егжей-тегжейлі жеткізе біледі, сол себепті көрермен жақсы қабылдады. Бұл жерде Ресейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың еңбегі зор деп есептеймін. Бұл спектакльді Мариин театрында маэстро Ролан Петидің өзі қойып жүрген кезде мен ұзақ уақыт осында жұмыс істедім, және сол кездегі қойылыммен салыстыра аламын. Қазақстандық труппаның орындауында хореографтың түпнұсқасы көрсетіліп, оның алғашқы ойы жеткізілген. Біздегі қойылым қызықты да қысқа болатын, ал бұл жолы Мариин театрында болмаған топтық көріністер көп байқалды. Квазимодо мен Эсмеральда партияларының орындаушылары, сондай-ақ тамаша жас әртістер петерборлық көрерменнің жүрегін жаулап алды. Феб және Клод Фролло да – бәрі тамаша, бізге өте ұнады. Балеттің музыкасы өте күрделі, бірақ оркестр оны керемет орындады, дирижердің мықтылығына да көп нәрсе байланысты, – деп аяқтады Ольга Моисеева. 

Собор Парижской Богоматери_фото Валентина Барановского © Мариинский театр (47)

Оның әріптесі – сыншы, өнертану ғылымдарының кандидаты, А.Я.Ваганова атындағы орыс балет академиясының және Н.А.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербор консерваториясындағы хореография кафедрасының доценті Ольга Розанова, бұл ХХ ғасырдағы ең күрделі спектакльдердің бірі екендігін атап өтті.

– Терең мазмұны да, хореографиясы да күрделі шығарма. Бұл спектакль 50 жыл бұрын қойылған, алайда әлі күнге дейін қазіргі заманның шығармасындай маңызды. Өйткені, Ролан Пети француз балетінің классигі, көптеген спектакльдер қойған ол ерекше ойдың иесі болған. Мүмкін бұл шығарма оның көптеген мұраларының ішіндегі ең маңыздысы, ең ұтқыр әрі антиромантикалық шығармасы шығар. Оның заманауилығы осында. Біздің өміріміз нәзіктік пен қайырымдылықтан тым алыс және ол қорқынышты әлемді көрсете білді. Тек екінші бөлімде ғана біз қайырымдылық пен махаббаттың бұл жүрексіздікке сөзсіз тосқауыл бола алатындығын көреміз. Бұл жерде басты орынға кордебалет ие. Мені олардың орындаушылық деңгейі таңғалдырды. Онда керемет солистер, талантты әртістер барын мен бұған дейін білгенмін. Хореография тым күрделі. Кордебалет сан қырлы, сахнаның көп бөлігін сол алады. Ең бастысы, осындай қиын қозғалыста көптің біркелкі жұмыс жасауын көрдім, бұл жаттықтырушылардың еңбекқорлығын көрсетеді. Өйткені, бір көріністе әртүрлі кордебалеттік қимылдарды ұтқыр әрі өткір, асқан талпыныспен орындау өте қиын. Айта кететіні, бір кордебалеттің өзі бірнеше партияны орындайтындығы. Мариин театрында бірнеше топ болса, мұнда барлығын сол адамдар орындайды. Әртістердің орындаушылық шеберліктерінің деңгейі мені таңғалдырды. Осы балетте бұрын билеген Алтынай Асылмұратова мен Константин Заклинский (Феб) тамаша жұмыс атқарғаны көрінді. Өзіне тән ерекшелігі бар Елена Шерстневаның да труппамен жұмыс жасау қабілеті жоғары. Бұл спектакльді әлемнің кез-келген сахнасында ұялмай көрсете беруге болады, – деді Ольга Розанова.

Мұндай маңызды шарадан қазақ диаспорасының өкілдері де қалыс қалмады. Қазақстанда туып, қазіргі уақытта Петербордың тұрғынына айналған қазақтар қойылымның өтетіндігі жайлы жарнаманы ести салысымен билет сатып алғандықтарын айтады. Жергілікті петерборлықтар да қойылымнан алған әсерлерімен бөлісті.

Мен Санкт-Петерборда жұмыс істеймін, Астанадан жұмыс тауып, көшіп барып театрларыңыздың барлық репертуарын көруге дайынмын. Бәрін түбегейлі өзгертуге әзірмін. Бәрінен бұрын ұнағаны – барлық деңгейдегі жұмыстың жоғарылығы – би де, костюмдер де, барлық образдардың орынды болуы, музыкасы, бәрі керемет, ешқандай мін таппайсың деуге болады, – дейді Яна Мамонова.

Гастрольдік сапардың нәтижесін шығара келе, «Астана Опера» МОБТ директоры Ғалым Ахмедьяров әртістердің еңбектеріне алғысын білдіріп, КСРО Халық әртісі, М.И.Глинка атындағы РКФСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, РФ мемлекеттік сыйлығының лауреаты Олег Виноградовтың берген жоғары бағасын өз аузынан естуі үлкен қуаныш сыйлағандығын айтып өтті.

Собор Парижской Богоматери_фото Валентина Барановского © Мариинский театр (50)

– Олег Михайлович көп жылдар бойы Мариин театрының балет труппасын басқарды, сол себепті оның «Астана Опера» театрының петерборлықтар үшін нағыз мерекелік қойылым қойғандығын, балет труппасының деңгейі жоғары екендігін және көрермен біздің қойылымдарымызды жиі көргісі келетіндігін білдіруі – біз үшін қуантарлық, әрі мақтанарлық жәйт. Осының өзі үлкен жетістік деп ойлаймын, – деді Ғалым Ахмедьяров.

Жылы қабылдау, гүл шоқтары, міне осылай тағы бір жауһар қойылым «Астана Опера» балет труппасы гастрольдік сапарларының тізбегіне енді. Әртістерді алдағы уақытта каншама сахналар мен жаңалық күтіп тұрғаны белгісіз. Тек, қазақстандық театрдың шетелдік сапарларының келесі тізімінде Кувейт, Оман және Италия елдері тұрғандығы белгілі.

«Астана Опера» ұжымының Мариин театрындағы гастрольдік сапары ҚР мәдениет және спорт министрлігінің жобасы екендігін естеріңізге саламыз. Гастрольдік сапар «ЭКСПО-2017» бағдарламасының аясында өтіп, барлық шығын демеушілердің есебінен қаржыландырылды.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры