Рождество құтты болсын!

Рождество мерекесіне орай – 25 желтоқсан күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында Георгий Фридрих Гендельдің басты шығармасы «Мессия» орындалады. Бұл неміс композиторының ең жарқын әрі көңілді шығармаларының бірі. Туындының адамға махаббат және бақыт үмітін сыйлайтыны күмәнсіз.

_DSC0685

Кеште көрерменге керемет мерекелік көңіл-күй сыйлайтын опера солисттері: сопрано – Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Әлфия Кәрімова, Алть – Салтанат Мұратбекова, Тенор – Нарұл Тойкенов, Бас – Арменияның халық әртісі Барсег Туманян. «Астана Опера» хоры және Симфониялық оркестрі. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Шырша шарлары, сүйіржапырақтан өрілген шеңберлер мен безендірілген шыршалар – шын мәнінде Жаңа жылдың емес, католиктер Рождествосының белгісі екенін көпшілік біле бермейді. Жасыл ағашты безендіру дәстүрі, шыршаны тіршілік пен құнарлылықтың нышаны ретінде бағалайтын алманиялық халықта пайда болған.

«Мессия» әнінде (оны Рождестволық ән деп те атайды) сыйлықтарымен жас нәрестеге келетін данышпандар жайлы айтылады.

– Бұл барокко музыкасының озық шығармасы. Оратория өзінің музыкалық салмағына қарай операға тең келеді, мұндағы музыкалық картиналардың бояуы қанық, драматургиясы өткір. Менің бұл шығарманы Рождестволарда орындап жүргеніме 25 жыл болды. Ол менің дирижерлік еңбек жолыммен қатар келе жатыр. Шығармашылық өмірімде дұрыс келе жатырмын ба, жоқ па, оны осы шығармаға қарап түзетіп, салыстыра аламын. Туындыға алғаш рет дирижерлік еткенде, аяқталғаннан кейін (ұзақтығы 2,5 сағат) күш-қуатымның артқанын және тағы сонша уақыт дирижерлік етуге дайын екенімді сезіндім, – дейді Абзал Мұхитдинов.

Ол шынында да солай, өйткені «Мессияның» музыкасы күш-жігеріңді арттырады, оның мағынасының өзі жақсылыққа үміт береді, ал кей тұстары адам жанына жай сыйлап, махаббат пен кешірімділік жайлы баяндайды.

Оратория ағылшын тілінде орындалады. Басталуы 18:00.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры