Сахна сыртындағы саңлақ © egemen.kz

skuar«Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры қойылымына арнап костюмдер әзірледі. Танымал тұлғаның елордалық театрмен бұл бірлесіп жүзеге асырған сегізінші жобасы болып табылады. Әйгілі шебер өз сұхбатында балет костюмдерін дайындау ерекшеліктері мен өмірлік жеке пайымдарымен бөлісті.

– Франка ханым, Сервантес­тің «Дон Кихот» романы же­лі­­­сі­мен қаншама фильмдер, сах­­­налық қойылымдар, сим­фо­ниялық опералар мен поэ­­малар, балеттер жарық көр­­ді. 25-26 қараша күндері «Ас­тана Опера» театрында қой­ылуы жоспарланған,Ал­ты­­най Асылмұратованың жа­­ңа хореографиялық ре­да­кциясындағы Л. Минкустың «Дон Кихот» балетінен қандай тосын сый күтуге болады?

– Балеттің кейбір тұстарына біршама өзгерістердің енгізілгені айтарлықтай жаңалық болып саналады. Мысалы, мұндағы сю­жет бойынша сахнаға әуелгідей ры­царь емес, екі ғашық – Китри мен Базиль шығады. Либретто же­лісі бойынша, трактирші Лоренцо қы­зы Китриді бай дворянин Га­машқа ұзатпақшы болады. Алай­да, соған қарамастан қыз әке­сінің шешіміне қарсы шығады, се­бебі ол кедей Базильді ұнатады. То­сын сыйы – сахнаға кәдімгі тірі жануарларды шығару жос­парда бар. Ашық аспан ас­тындағы операда арғымақ мін­ген сарбаздарды көрген бо­латынбыз, ал тірі есекті мына спек­такльде сахнаға алып шығу та­рихта бірінші рет орын алғалы отыр-ау. Сондай-ақ, қойылым ба­ры­сында қолданылатын алуан түрлі бейнелер мен кескіндер, анимация элементтері бейжай қалдырмайды. Көркемдік-қойы­лым­дық жұмыстарға Виктор Кара­ре сынды танымал жан жетекшілік ет­се, ал суретші сценографы көзі ті­рі­сінде аты аңызға айналған Эцио Фриджериоңыздың өзі ғой. Кө­рер­менге мұнан асқан сый бола ма?!

– Сіздің шығарма­шы­лы­ғы­ңыз үшін бұл спектакль қандай рөл атқарады?

– Спектакль испан әдебиетінің әлем­ге әйгілі інжу-маржаны же­лі­сінде дүниеге келгендіктен мен үшін оның орны қашанда бө­лек. Сосын жалпы испандықтар жа­ра­тылысында тым байсалды халық бо­лып саналады. Сол себепті Дон Кихот бейнесі олардың дү­ние­­танымында ерекше тұлға. Автор­ға әрдайым қарапайым ха­лық­қа қол ұшын созып жүретін адам­дардың басынан кешкен оқи­ғалары шабыт берген. Басты кейіп­кер тек өз әлемімен, қиял-аң­сары­мен өмір сүреді, сондықтан кей­де айналасындағының бәрінен үрей­ленеді, тіпті, қарапайым жел диірменнің өзінен аспаннан қара бұлт төнгендей қауіптенеді. Біздің тарих – тағдыры Испаниямен тамырлас, ұқсас. Бәл­кім, менің өмірімнің, рухани өзегімнің ұзақ жылдар Испания­ның Мадрид, Барселона, Севилья жә­не басқа қалаларымен біте-қай­на­сып кеткендігінен солай болар. Тіпті, олардан өзіме сондай жа­қын­дықты сеземін. Мен үшін Ис­пания мен Италияның екеуі бірдей қымбат. Осы атмосфераға үй­рен­генмін. Мұндағы «Дон Кихот­тың» көпшілікке беймәлім өте си­рек үлгілерін жиі тамашалап ша­­быттанған сәттерде сондай ға­ни­бет. Онда мен балетті аса күр­де­­лендірмей, барынша испан­дық­тар­ға тән жеңіл ырғақта көрсетуге ты­рысып бақтым.

– Өз еліңізден тыс жердегі «Дон­ Кихотпен» алғаш рет қа­уы­­шып отырсыз ба?

– Солай-ақ дейін. Қайран, Рудольф Нуриев орындалмай қал­ған бір арман-үмітін өзімен бірге ана дүниеге ала кетті. Ондай-он­дай өкініштер өмірде көп-ақ. Ол қайтыс болардың аз-ақ алдында менімен және жұбайым – суретші-сценограф Эцио Фриджериомен «Дон Кихот» балетін қоюға ниет білдірген еді. Осы жобаға қол жеткізе алмай қалғаным үшін уақыттан әлі де еселеп өшімді ал­ғым келеді.

skuar-2

skuar-3– Балет өнерінің бағы тек кла­с­сикалық үлгідегі спек­та­к­ль­дермен байланып қалмай, ол кейінгі кезде небір заманауи жанр­лармен жаңғырып жатқан жоқ па? Соған орай сіздің ди­зайн­ыңыз да ұдайы өзгеріске ұшы­рап отыратын болар?

– Мұны, негізі, қоюшы-маман­ның қиялы шешеді. Ал «Астана Опера» балет труппасының көр­кем­дік жетекшісі Алтынай Асыл­мұратовамен бірге осымен екін­ші спектакльді дүниеге әкеліп отыр­мыз. Балеттің хореографиясы ал­ғаш­қы нұсқадан соншалық ал­шақ кете қойған жоқ. Бірақ, соған қарамастан, толық қайталау емес, ол – өзіндік ережелері то­лық сақталған классикалық хо­ре­о­графия. Өйткені, «Дон Кихот» спек­­таклі – заманауи ағым­ның же­­тегіне үнсіз еріп кете қой­май­тын дәстүрлі Испания тағ­дыры.

Мені жұрт бояу түстеріне қарап тез таниды. Жұмысымда мұны үне­мі молынан пайдаланамын. Бұл қойылымда қызыл, қара және бас­қа да алуан түстер мейлінше қа­нық түрінде көрініс табады.

– Бас-аяғы қанша костюм тік­ті­ңіз?

– Спектакльдегі костюмдер са­нының ұзын-ырғасы – 200-ге жуық, бұларды біз «Астана Опера» театр­ының шеберханасында әзір­ле­дік.

– Матаның сапасына қан­ша­л­ықты мән бересізЖалпысіз үшін қандай материалдар өте ыңғайлы?

– Дизайншы үшін бұл – қа­зіргі таңдағы өте өткір мәселе. Театр қойылымына лайықты көп мөлшердегі матаны табу әре­ке­ті мені қай қиырларға сапар шек­кізбеді дейсіз. Ал сырттан әкелі­не­тін маталардың дені тікелей сән әлеміне көбірек тиімді. Италияда мұның оп-оңай шешілетін себебі, әлі күнге дейін балетке лайықты жібек тоқитын фабрикалар жұмыс істейді. Керегіңізді тез тауып ала қоюыңызға, тіпті, өзімізге қажетті матаға алдын-ала тапсырыс беруі­міз­ге де ыңғайлы.

Елордалық театр қойылымына біз негізінен табиғи маталарды пай­даландық: балериналарға жі­бек­тің сан алуан түрін таңдасақ, ал миманс орындайтын көпшілік үшін мақтаны місе тұттық.

– Театр ұжымы туралы не айтасыз?

– «Астана Опера» театрының ба­лет труппасымен біраз жыл­дан бері таныспын, әрине. Олар­дың маған осылай шексіз сенім артқанына қуанамын. Мұндай түсі­ністіктің түбі – әрдайым же­тіс­тік. Мен өзім өнер адам­да­рының бір-бірін демеп, қолдап жүр­гендерін қалаймын. Олай бол­маса, біз ортақ табысқа қол жет­кізе алмаймыз. Жастармен тіл табысқан, сырласқан қандай әсер­лі! Қысқасы, «Астана Опера» театрында жұмыс істей жү­ріп өмірдегі көп нәрсеге көз жет­кіздім. Сол үшін ұжымды үйімдей ұнатамын. Мен бұлармен бірге өнерді солай шынайы бағалай алғаным үшін қуаныштымын… Ақ көңіл, таза жандармен достастым. Олар маған бауыр басты. Осы ыстық ұядан ұзап ұшып кеткің келмей тұрады.

Әңгімелескен

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Суретте: Франка Скуарча­пи­но

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры