Ержан Даутов

Бас хормейстер. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері

1993 жылы Алматы қаласы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияға профессор, КСРО Халық әртісі А.В. Молодов сыныбына оқуға түскен.
Консерваториядағы оқуын бітіргеннен кейін Астанадағы ҚазҰМА-да жұмыс жасайды, мұнда ер балалар хорына жетекшілік етеді. Профессор И.Б. Лебедев сыныбында ҚазҰМА аспирантурасын тәмамдаған.

2005 жылдан бастап Астана қаласының камералық хорына жетекшілік етеді. Бұл хор 2006 жылы Белосток (Польша) қаласындағы халықаралық хор фестивалінде бірінші орынға ие болған. 2000-2013 жылдар аралығында – К. Байсейітова атындағы ҰОБТ бас хормейстері.

Ержан Даутов өзін хор ұжымдарының көркемдік жетекшісі және бас хормейстері ретінде ғана емес, сонымен қатар опера дирижері ретінде де жақсы қырынан көрсете білген. Оның репертуарында М. Төлебаевтың «Біржан-Сара», Дж. Вердидің «Травиата», П. Чайковскийдің «Евгений Онегин», «Иоланта», Дж. Пуччинидің «Мадам Батерфлай», «Тоска», Дж. Россинидің «Севильский цирюльник», В.А. Моцарттың «Свадьба Фигаро» опералары, М. Минковтың балаларға арналған «Волшебная Музыка» операсы бар.