Алтынай Асылмұратова

Балеттің көркемдік жетекшісі, РФ халық әртісі

Алтынай Асылмұратова – А.Я. Ваганова атындағы Ленинград хореографиялық училищесінің түлегі (1978).
1978-2000 жылдарда С.М. Киров атындағы Ленинград опера және балет театрының (Мариин) прима-балеринасы болып еңбек етті.
Әлемнің белгілі театрларымен келісімге отырып, шақырылған жұлдыз ретінде өнер көрсетті, олар: Ковент-Гарден, Гранд опера, Ла Скала, Ролан Петидің Марсель театры, АВТ (Американ балет театры) және т.б. 14 жыл бойы (1999-2013) Санкт-Петербургтағы орыс балет академиясының көркемдік жетекшісі болды.
Ресейдің Халық әртісі, Достық орденінің кавалері, «Алтын софит» театр сыйлығы мен «Evening Standard» газеті ұйымдастырған ағылшын театры сыйлығының лауреаты.