Алан Бөрібаев

Бас дирижер ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Алан Бөрібаев

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының бас дирижері, Ирландияның Радио мен Теледидар Ұлттық симфониялық оркестрінің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі.

Алан Бөрібаев музыканттар отбасында дүниеге келді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын скрипка және опера-симфониялық дирижерлеу сыныбы бойынша үздік тамамдап, оқуын одан әрі Вена орындаушылық өнер және музыка университетінде жалғастырды.

1999 ж. 3агребтегі Ловро фон Матачич атындағы Халықаралық дирижерлер байқауындағы жеңісі оған халықаралық танымалдылық және бірнеше еуропалық оркестрлермен ынтымақтастық туралы ұсыныстар әкелді.

2001 ж. Николай Малько атындағы Халықаралық дирижерлер байқауында «көп үміт күттіретін үздік дарын» арнайы жүлдесін жеңіп алады (Копенгаген). Сол жылы Тренто қаласында (Италия) Антонио Педротти атындағы Халықаралық дирижерлер байқауының І сыйлығымен марапатталды.

2001 ж. Лион ұлттық операсында П.Чайковскийдің «Пиковая дама» операсын қойды.

2002-2007 жж. Астананың Симфониялық оркестрінің бас дирижерi. Осы кезеңдерде Майнинген театрының (Германия) музыкалық жетекшісі болған.

2006-2011 жж. Норрчепинг (Швеция) Симфониялық оркестрінің бас дирижері және сонымен бір мезгілде Брабант оркестрінің (Нидерланд) бас дирижерi болды. Дрезден филармониялық, Неміс симфониялық (Берлин) оркестрі, Бирмингем қ. симфониялық оркестрі, Дж.Верди атындағы Милан оркестрі, Хельсинки және Осло филармониялық оркестрлері тәрізді ipi ұжымдармен үнемі ынтымақтастық қарым-қатынаста. Көптеген әйгілі оркестрлерге дирижерлік еткен, олардың ішінде Лондон филармониялық, Лейпцигтің Гевандхауз, Роттердам филармониялық, Мельбурн симфониялық, Балтимор симфониялық, Ослоның филармониялық оркестрі, Токионың симфониялық оркестрі және т.б. бар.

2011 ж. Ресейдің Үлкен театрымен ынтымақтаса жұмыс жасай бастайды, онда ол Прокофьевтің «Үш апельсинге махаббат», Чайковскийдің «Евгений Онегин», Моцарттың «Сиқырлы флейта» операларына дирижерлiк етті.

2013 ж. Үлкен театрдың Тель-Авив опера театрындағы гастролі кезінде Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсының 10 қойылымына дирижерлiк жасады.

2014 ж. Үлкен театр оркестрімен Германия, Австрия, Швейцария қалаларына турне жасайды. Еуропа елдері мен Жапонияда қазақ композиторларының көптеген опустарының премьерасын орындады. 2012 жылы Еуропада алғаш рет А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсын Оңтүстік Тюрингия Мемлекеттік операсының сахнасында қойған (Германия).

2014 жылдан – Жапонияның Осака қаласындағы Jaраn Century Symphony Orchestra орталығының шақыртылған бас дирижерi.

2015 жылдың наурыз айынан бастап – «Астана Опера» МОБТ бас дирижері болып табылады, театр сахнасында А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» (2015); Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» (2016), Ж.Бизенің «Кармен» (2017), Дж.Пуччинидің «Турандот», Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» (2018) операларын қойып, Г.Малердің Екінші, Бесінші және Сегізінші симфонияларын, К.Дженкинстың Shine Astana салтанатты одасын орындады.

А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының қойылымы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2018).