Дәурен Мусин

Аға хормейстер

2014 жылы Қазақ ұлттық өнер университетін «Хормен дирижерлеу» мамандығы бойынша тәмамдады (доцент Г. Құттыбадамова сыныбы). 2013 жылы бүкіл әлемге танымал дирижер Габор Холлерунгтың (Венгрия) шеберлік сабақтарына қатысты.

2008-2014 жылдарда – Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының хормейстері болды. 2014 жылдың қыркүйегінен бастап – «Астана Опера» МОБТ аға хормейстері.

 

Марапаттары:

  • Республикалық жас хормейстерлер байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Павлодар, 2009);

  • «Дирижерлеу» бойынша Республикалық студенттер олимпиадасының ІІІ сыйлық лауреаты (Алматы, 2014).