Вячеслав Окунев

Қоюшы суретші

Ресейдің Халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Достық» орденінің кавалері. Ленинградтың театр, музыка және кинематография институтының (қазіргі Санкт-Петербург театралдық өнер академиясы) қойылымдық факультетін тәмамдаған.

1975 жылдан бері қоюшы-суретші ретінде 300-ден астам опера және балет спектакльдерінің қойылымдарын жүзеге асырған.

0азіргі кезде Санкт-Петербургтағы М.Н. Мусоргский атындағы МАОБТ бас суретшісі. Мариинск театры, Ресейдің үлкен театры, Барис Эйфманның мемлекеттік академиялық балет театры, «Санктъ-Петербургъ Опера» Камералық музыкалық театры, Белоруссияның Үлкен театры, Пермь, Новосибирск және Екатеринбург және т.б. опера театрларымен тығыз байланыста қызмет етуде. Шетелде көп жұмыс істеуде, оның ішінде «Арена ди Верона», Глазгодағы Корольдік театр (Ұлыбритания), Грекияның Ұлттықоперасы, Сеул және Токио ұлттық театрлары бар.

ҚазақстанныҢ опера және балет өнеріне ерекше үлес қосқан. Ол Дж. Вердидің «Травиата», Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй», П. Чайковскийдің «Евгений Онегин», қойылымдарының, Р. Салаватовтың «Әлқисса», «Қыс қиялы» балеттерінің және т.б. қоюшы суретшісі.