Франка Скуарчапино

КОСТЮМДЕР БОЙЫНША СУРЕТШІ

Әйгілі итальяндық суретші Франка Скуарчапино 1940 жылы Римде дүниеге келген. Драмалық және музыкалық театрлардағы, сонымен қатар кинодағы өзінің еңбектерімен халықаралық танымалдыққа ие болған.
Ла Скала театрында 1980 жылы алғаш рет, Ролан Пети хореографиясындағы «Ғажайып мандарин» қойылымына (дирижер Клаудио Аббадо, сценограф Иозеф Свобода) костюмдер үлгілерін жасау арқылы еңбек жолын бастаған. 1981 жылдық мамырында Ла Скала операсында алғаш рет «Фигароның үйлену тойы» қойылымына, дирижер Риккардо Мути, режиссер Джорджо Стрелер және сценограф Эцио Фриджериолармен бірге қатысқан. Фриджериомен берігіп ол Ла Скаланың келесі спектакльдерін қоюға үлес қосқан: «Лоэнгрин», «Эрнани», «Дон Жуан», «Фиделио», «Пиковая дама», «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару», «Риголетто», «Ромео мен Джульетта», «Джанни Скикки», «Манон».
Әлемнің ең ірі опера театрларымен ынтымақтастықта болған: Лондон Корольдік театры, Нью-Йорк Метрополитен операсы, Цюрих операсы, Вена мемлекеттік операсы және т.б. өзінің алғаш фильмін 1966 жылы дайындаған. Жалпы ол 23 кинолента даярлаған. Жан-Поль Раппено қойылымындағы «Сирано де Бержерак» (1990) фильмі үшін Америка киноакадемиясының «Оскар» сыйлығымен марапатталған.
Бродвей қойылымдағы «Канкан» (1981) фильміндегі үздік костюмдері үшін Тони сыйлығына ұсынылған. Әрдайым өзінің жары Эцио Фриджериомен жұмыс жасайды.