Эцио Фриджерио

Суретші

Италияның Эрбе қаласында дүниеге келген. Милан Политехникалық институтында архитектураны оқыған, Миландағы Брер көркем өнер Академиясының тыңдаушысы болған. 1955 жылы Джорджо Стрелермен танысып, костюмдер бойынша суретші ретінде Пикколо ди Милано театрымен жұмыс жасай бастайды. Көп ұзамай ол Джорджо Стрелердің тұрақты суретшісіне айналады.

Стрелердің әйгілі қойылымдарына декорациялар мен костюмдер ойлап тапқан: Л. Пиранделлодан «Тау алыптары» (1966), Б. Брехттен «Қасиетті Иоанна скотобоен» (1970), У. Шекспирден «Король Лир» (1972), А. Стриндбергтен «Найзағай» (1980), К. Гольдониден «Екі қожайынның қызметшісі» (1973) және т.б. Жетекші режиссерлармен ынтымақтастықта болған. Олардың ішінде: Вальтер Пальяро мен Вирджинио Пуэхер, Нурия Эсперт, Роже Планшон, Андрей Кончаловский, Марко Шаккалуга бар. әлемнің ең ірі театрларында 250-ден астам қойылымдарды жүзеге асырған.

Оның музыкалық театр бақытындағы еңбектері заманауи сценография дамуында үлкен жаңалыққа айналған. Эдуардо Де Филиппомен (Г. Доницетти, «Дон Паскуале»), Лука Ронконимен бірге Ла Скалада (Дж. Верди, «Эрнани»), Лилиана Каванимен бірге Париж операсында (Л. Керубини, «Медея»), Нурия Эспертпен бірге Брюссельдегі Ла Монне театрында (Р. Штраус, «Электра») қойылымдар қойды.

Балет спектакльдерін жарыққа шығаруға қатысқан, Ролан Пети, Беппе Менегатти, Юрий Григорович және Рудольф Нуреевтармен ынтымақтастықта болған. Олармен бірлесе Ла Скала сахнасында С. Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балетінің қойылымын жүзеге асырған (1979). 1962 жылы Витторио де Сикамен танысады, осы уақыттан оның кинематографиядағы қызметі басталады. Ірі итальяндық және еуропалық кино режиссерлармен ынтымақтастықта болған. Олардың ішінде Бернардо Бертолуччи, Мауро Болоньини, Франко Росси, Ренато Кастеллани, Фолькером Шлендорфф, Жаном-Полем Рапно бар.