Гюзель Хайбулина

Шетелдермен мәдени байланыстар жөніндегі директордың кеңесшісі

Шет елдермен мәдени байланыстар жөніндегі директордың кеңесшісі, Татарстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері

Гюзель Гарифулловна Хайбулина. Ярославль қаласында 1967 жылы 5 наурызда туылған.
1986 жылы Л.Собинов атындағы Ярославский музыкалық училищесін (Музыка теориясы және тарих факультеті) үздік көрсеткішпен бітірген, 1991 ж. – Н.Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясында «Музыкатану» мамандығы бойынша (қызыл диплом) білім алған. 1996 ж. Мәскеу қаласының Ресей театр өнері академиясын бітіріп, Театртану саласы бойынша екінші жоғары білім алды.
1986 ж. Гюзель Хайбулина өзінің еңбек жолын Қазан қаласындағы балабақшада музыкалық қызметкер ретінде бастаған.
1989 ж. 13 наурызда М.Джалиль атындағы Татарстан академиялық опера және балет театрының әдеби бөлімі бойынша бас режиссердің көмекшісі лауазымын атқарды. Осы қызметті атқара жүріп, театр тарихында әрбір спектакльдің буклеттері мен бағдарламаларын ұйымдастырды, опера және балет өнерінің мәселелері бойынша Бүкіл ресейлік конференция өткізді, спектакльдер алдында кріспе сөздер сөйледі, 1991 жылы желтоқсанда «Қазандағы Венгрия күндері» халықаралық фестивалінің бастамасышысы және ұйымдастырушысы болды.
1992 ж. 1 қаңтардан 2012 жыл аралығында Гюзель Хайбулина театр операсының көркемдік жетекшісі болды, репертуарды анықтау, жаңа спектакльдердің орындаушыларын,қойылымдық топтарының құрамын қалыптастыру, спектакльдерге қатыстыру үшін күллі әлемнен орындаушылар мен дирижерлерді тарту және т.б. оның лауазымдық міндеттеріне кірді. Ф.И.Шаляпин атындағы халықаралық опералық фестивалін ұйымдастырушылардың бірі, 18 гала-концерт фестивальдердің қоюшы-режиссері.
1993 жылы дирижер С.Линев (Болгария), режиссер К.Гроссер (Швейцария), суретші И.Гриневичпен (Россия) бірлесіп қойылған «Тоска» театр-операсы бірінші халықаралық жобасының бастамашысы болды.
1993 ж. – Қазандағы Ф.Шаляпин атындағы халықаралық конкурсының әділқазылар мүшесі.
1994 жылдан бастап 15 жылдың ішінде Г. Хайбулина опералық көркемдік жетекші ретінде жыл сайынғы халықаралық гастрольдердің ұйымдастырушылардың бірі болды
(жыл сайын Батыс Еуропа бойынша 80 спектакль, мысалы Нидерланд Корольдігінде Ж.Бизенің «Гауһар тасты іздеушілер» операсының күрделілігі 100-ден астам көрерменге толы спектаклін көрсетіп шықты).
1999 ж. И.Штраустың «Жарқанат» опереттасының қоюшы-режиссері ретінде жұмыс істеді.
2001 ж. Гюзель Хайбулина «Татарстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағын алды.
2005 ж. «Қазанның 1000-жылдығынан естелік» медалін алды.
2005 ж. ЮНЕСКО қолдауымен өтетін Веронадағы халықаралық ән орындаушылар конкурсының әділқазылар мүшесі.
Ресей театр қайраткерлері одағының мүшесі болып табылады.
2006 ж. «Ақын махаббаты» спектаклі шығармашылық тобының жұмысына қатысты, музыка және либретто авторларымен, режиссермен жұмыс істеді. Орындаушылар құрамын қалыптастырумен айналасты. «Ақын махаббаты» спектаклі театр тарихында бірінші рет Ресейдің «Алтын бет перде» ұлттық театр сыйлығымен 5 санат бойынша марапаттауға ие болды. Тұқай Ахмед Агади партиясын орындаушы «Үздік ер адамның рөлі» наградасына ие болды.
2008 ж. Н.А.Римский-Корсаковтың «Патша қалыңдығы» операсының қоюшы режиссері ретінде жұмыс істеді.
Спектакль премьерасы Ф.Шаляпин атындағы XXVI халықаралық опералық фестивалінің аясында өтті.
Г.Хайбулина әртүрлі кезең ішінде З.Сунгатуллинаның, В.Ганееваның, М.Булатованың, М.Якуповтың, Р.Даминовтың, Р.Мифтахованың мерейтойлық кештері мен бенефистерінің және Н.Даутовты, Х.Бигичевті және т.б. еске алу кештерінің қоюшы режиссері болды. Концерттердің көпшілігін «Татарстан-Жаңа ғасыр» телекомпаниясында жазылып, экранда көрсетілді.
2013 жылдан бастап «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасының көркемдік жетекшісі.