Ержан Күлібаев

Скрипкашы

Ержан Күлібаев өзінің оқуын алты жасынан К. Байсейітова атындағы балалар музыка мектебінде бастады. Кейін П. Чайковский атындағы Мәскеу Мемлекеттік консерваториясының жанындағы Орталық арнайы музыка мектебін бітірді. 2004 жылдан оқуын Мадридтегі София Патшайымның Жоғары музыка мектебінде, профессор Захар Брон сыныбында жалғастыруда.
Халық аралық байқауларда көптеген сыйлыққа ие болған: Демидовскийдің скрипкашылар Халық аралық байқауының (2003), Лиссабондағы скрипашылар Халық аралық байқауының (Л. Грас шығармаларын үздік орындағаны үшін арнайы жүлдесі, 2006), Новосібірдегі скрипкашылар Халық аралық байқауының (О’Ши Палома арнайы жүлдесі, 2007), Берлиндегі Пауль Хиндемиттің скрипкашылар Халық аралық байқауының (Р. Шуманның шығармаларын үздік орындағаны үшін арнайы жүлдесі, 2010), Буэнос-Айрестегі скрипкашылар Халық аралық байқауының (Аргентиналық тангоны үздік орындағаны үшін Танго жүлдесі, 2012) І сыйлық Лауреаты. Познаньда өткен Генри Венявский атындағы скрипкашылар XIV халықаралық байқауының Лауреаты (Студенттік әділ қазылардың арнайы жүлдесі итальяндың шебер Джованни Баттиста Гваданинидің скрипкасы, 2011).
Аргентина, Австрия, Бельгия, Германия, Грекия, Испания, Италия, Қазақстан, Кувейт, Латвия, Марокко, Мексика, Польша, Португалия, Ресей, Украина, Франция, Швейцария, Жапония елдерінде, Мәскеу залдарында, оның ішінде П. Чайковский атындаы Мәскеу консерваториясының Үлкен залында концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
2003-2004 жылдарда «Орыс орындаушылық өнері» қорының стипендиаты болды. Солист ретінде көптеген оркестрлермен ынтымақтастықта болды: Познань Филармониялық оркестрі, Поляк радиосының камералық оркесті, Мәскеу филармониясының оркестрі, Кастилия Леон симфониялық оркестрлері, сонымен қоса, Юкатана, «Астана Опера» театрының, Новосібір Мемлекеттік консерваториясының, София патшайым Жоғары музыка мектебінің, Поморск филармониясының оркестрлері. Ол тағы келесі музыкалық ұжымдармен ынтымақтастықта болды: Iuventus симфониясы (Варшава), Санкт-Петербург Мемлекеттік Капелласының камералық оркестрі, Аликанте университетінің филармониялық оркестрі, Поляк камералық оркестрі, Краковия симфониеттасы, Podlasie опералық филармониялық оркестрі. Ашкенази, Дучмаль, Кираджиев, Мұхитдинов, Паяре, Посада, Пиаровский, Райский, Сальваровский, Стругава, Венгеров, Войчеховский сияқты танымал дирижерлармен бірге еңбек етті.
2011 жылдың қарашасында Краковия филармониясында Д. Шостаковичтің №8 ішекті аспапты квартетін орындады. Квартет құрамы: Максим Венгеров, Ержан Көлібаев, Роберт Кабара, Рафау Квятковски.
2006 жылдан бастап Мадридтегі Auditorio Nacional сахнасында өнер көрсетуде «Захар Брононың мектебі» концерттер топтамасына қатысты. 2010 жылы Берлиннің Konzerthaus сахнасында ойнады. Көптеген байқау қатысушысы: Сантандердегі Музыка фестивалі, Бургостағы «Esta musical», Сориядағы «Oto musical», Ригадағы классикалық музыка фестивалі, Касамадаы классикалық музыка фестивалі (Жапония). Мадридтегі Fundaci n Juan March сахнасында жеке концерттерін берді.
2006, 20102011 жылдарда Испания Патшайымы Софияның қолынан Құрмет дипломын алып, Пардо Корольдік сарайында өнер көрсету құқығына ие болды.
2008 жылы солист ретінде, маэстро Владимир Ашкеназидің жетекшілігіндегі, София патшайым Жоғары музыка мектебінің симфониялық оркестрімен бірге Испанияның басты залдарында концерттерде ойнаған: Мадридтегі Auditorio Nacional, Бильбаодағы Palacio de Congresos y de la Musica Euskalduna. Концерттер Испан ұлттың телеарналардан бірнеше рет көрсетілді.
2009 жылдың жазында, маэстро Алехандро Посадтың шақыруымен, солист ретінде Кастилия мен Леон симфониялық оркестрімен бірге Испан қалаларында концерттік сапармен болады.
2011 жылы маэстро М. Игнаттың жетекшілігіндегі Аликанте университетінің филармониялық оркестрімен бірге Испан қалаларын концерттік сапармен аралап, келесі залдарда өнер көрсеткен: Мадридтегі Насиональ, Сарагос, Принсипаль Аликанте Тетро, Ла Нусия аудиториялары.
2013 жылы Варшавадағы Бетховеннің Пасхальдік фестивалінде, Генрик Венявский фестивалінде, Луганодағы LongLake фестивалі мен Кран-Монтанадағы фестивальде Итамар Голанмен бірге өнер көрсеткен.
2013 жылдың қыркүйек-қазан айларында Аргентинаға гастрольдік сапармен барды. Концерттер Тандиль, Паран, Буэнос-Айрес, Барилоче, Сан-Хуан, Сальта, Сан Мартин-де-лос-Андес, Вильа де Ангостура қалаларында өтті. Пауль Пелюсо қатысуымен Жеке концерттер, елдің жетекші оркестрлерінің сүйемелімен концерттер: Сальта мен Хорхе Лез симфониялық оркестрі, Мар Дель Плата мен Эмир Саул симфониялық оркестрі, Сан Хуан мен Густаво Плис Стеренберг камералық оркестрі, «Estaciоn Buenos-Aires» камералық оркестрі Рафаель Жинтоли.
Ержан Күлібаев Швейцарияның Маджини қорымен ұсынылған, Антонио Страдиваридің 1722 жылғы «Роде» скрипкасында ойнайды.