Денис Мацуев

Пианист

Денис Мацуевтің есімі аңызға айналған орыстың фортепианолық мектеп дәстүрлерімен, концерттік бағдарламалардың тұрақты сапасымен, шығармашылық тұжырымдама жаңашылдығымен және көркемдік интерпретациялар тереңдігімен тығыз байланысты.
Музыканттың қарқынды шарықтауы 1998 жылы Мәскеуде өткен П. Чайковский атындағы ХІ халықаралық байқаудағы жеңісінен басталды. Бүгінде Денис Мацуев – әлемнің орталық концерт залдарының сыйлы қонағы, ірі музыкалық фестивальдердің міндетті қатысушысы, Ресей, Еуропа, Солтүстік Америка мен Азия елдерінің жетекші симфониялық оркестрлерінің тұрақты әріптесі.
Денис Мацуевтің сахнадағы әріптестерінің ішінде АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінің әлемге танымал ұжымдары, сондай-ақ Ла Скала театры мен Вена симфониялық оркестрлері және т.б. бар.
Денис Мацуев қазіргі заманғы әйгілі дирижерлар – Ю. Темирканов, В. Федосеев, В. Гергиев, Ю. Башмет, М. Плетнев, Ю. Симонов, В. Спиваков, М. Янсонс, Л. Маазель, З. Мета, Л. Слаткин, И. Фишер, С. Бычков, Д. Нозеда, П. Ярви, Мюнг-ВунЧунг, Курт Мазур, Юкка-Пекка Сарасте және т.б. тыңыз шығармашылық байланыста.
Денис Мацуев 1995 жылдан – Мәскеу филармониясының жеке орындаушысы. 2004 жылдан өзінің жыл сайынғы «Солист Денис Мацуев» атты жеке абонементін ұсынып келеді.
Бірнеше жылдар бойы Мацуев, музыкалық қоғам қайраткері ретінде көптеген музыкалық фестивальдердің, білім беру және ағартушылық жобалардың басшысы және шабыттандырушысына айналды: «Байкалдағы жұлдыздар» фестивалі, Crescendo Музыкалық фестивалінің көркемдік жетекшісі, Францияның Анси қаласындағы өнер фестивалінің жетекшісі.
Музыканттың ерекше жауапкершілігінің дәлелі, кезінде өзі тәрбиеленген, ал қазірде Президентіне атанған – «Жаңа есімдер» өңіраралық қайырымдылық қорымен жұмыс жасауы.
2004 жылы Денис Мацуев BMG компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Бірлесе жасаған алқашқы жобалары – Tributeto Horowitz жеке альбомы – «РЕКОРД-2005» сыйлықына ие болды. 2006 жылы пианист П. Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» мен И. Стравинскийдің «Петрушка» балетінен үш үзінді жазылған жеке альбомы үшін тағы да «РЕКОРД» сыйлығының лауреаты атанды. 2006 жылдың жазында музыкант Юрий Темиркановтың жетекшілігіндегі Санкт-Петербург филармониясының оркестрімен альбом жазбасын іске асырды. 2007 жылдың көктемінде Денис Мацуев пен Александр Рахманиновтың ынтымақтастығының арқасында музыкант шығармашылығының тағы да бір белесіне айналған – «Белгісіз Рахманинов» атты жеке альбомы жарыққа шықты. 2007 жылдың қарашасында Нью-Йорктегі Карнеги Холлда табысты өткен пианистің жеке концерті қайта өңделіп, 2008 жылдың қырүйегінде Sony Music компаниясымен жаңа альбом болып шықарылды. 2009 жылдың наурызында Денис Мацуев, Валерий Гергиев және Мариин театрының оркестрі біріге С. Рахманинов шығармаларының жазбасын жаңа Mariinsky рекорд-лейблінде жүзеге асырды.
Денис Мацуев – С. Рахманинов атындағы қордың Арт-директоры. 2006 жылы «Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі» атағына ие болды, беделді әлемдік музыкалық марапат – Д. Шостакович атындағы сыйлық иегері (2010). Сол жылы Денис Мацуев Ресей Президентінің Жарлықына сәйкес әдебиет және өнер саласында Ресей Федерациясы Мемлекеттік сыйлықының лауреаты атанса, 2011 жылы пианистке «Ресейдің Халық әртісі» атағы берілді.
2012 жылдың күзінде Мацуев «Астана Аккордтары» Бірінші Халықаралық классикалық музыка фестивалін ашты, оның ұйымдастырушылар қатарынан табылды. Сол кезде өнер қайраткері: «бұл жас таланттарды, ең алдымен Қазақстан мен Ресейде іздеудің бірінші қадамы», – деп мәлімдеген еді. Осындай іздеудің қисынды жалғасы 2013 жылдың мамыр айында өткен жас пианистердің «Astana Piano Passion» I Халықаралық фестиваль-байқауы болды. Фестивальдің көркемдік жетекшісі ретінде Денис Мацуев жер шарының түкпір-түкпірінен келген жас музыканттардың шабытына шабыт қосып, олардың өнерлеріне қолдау танытты.
2014 жылдың 10-16 мамыр аралықында жас пианистердің «Astana Piano Passion» II Халықаралық фестиваль-байқауы өтеді.