Марко Боэми

Итальянды? дирижер.

Санта-Чечилия Консерваториясының фортепиано бөлімін және Римдегі «Сапиенца» Университетінің юриспруденция факультетін тәмамдаған. 1990 ж. алғаш рет «Санта-Чечилия виртуоздары» оркестрімен бірге ROVERETO фестивалінде өнер көрсеткен. Көп ұзамай операда алғаш рет, Мачератадағы «Сферистерио» фестивалінде – «Травиата» және «Риголетто» операларының дирижері ретінде өнер көрсеткен. 1992 ж. М. Боэмидің Токиодағы Сантори-Холлмен ұзақ жылдық әріптестігі басталады. Оның сахнасында Бизенің «Кармені» және Доницеттидің «Махаббат шырыны» («Любовный напиток») операларының концерттік нұсқалары орындалған. Сонымен қатар, Токио симфониялық оркестрімен бірге гала-концерттері жүзеге асырылып, олардың көпшілігі теледидар арқылы трансляцияланса, кейбіреуі CD-ге бастырылған. Дирижердің халықаралық аренадағы беделінің өсуі – оның Токио, Сан-Карло, Рим, Париж, Генуя, Лиссабон, Амстердам, Будапешт, Пезаро, Турин, Парма опера театрларының сахналарында өнер көрсетуіне жол ашты. Оларға Дж. Саббатини, Р. Брузон, К. Ричарелли және т.б. жеке орындаушылар қатысқан. М. Боэмидің шығармашылық өмірбаянында – Лондонның Филармониялық оркестрімен, Загреб филармониялық оркестрімен өнер көрсеткен, Концертгебауде Вердидің Реквиемін орындаған, Ла Скала Театрында, Веналық Музикферайнда гала-концерттер берген, Ұлыбританиядан тыс жерде алғаш рет Э.Л. Уэббердің Реквиемін орындаған. Қазан қ. Шаляпин фестивалімен ынтымақтастық – дирижер шығармашылығында ерекше орынға ие оқиға. Оның аясында «Лючия ди Ламмермур», «Аида», «Дон Жуан», «Набукко», «Кармен», «Трубадур», «Евгений Онегин» және «Пиковая дама» операларының жаңа қойылымдары жүзеге асырылған. 1998 ж. Моденада өткен «Паваротти және достары» концертінде дирижер болды. Аталған концертке Селин Дион, Стиви Уандер, Джон Бон Джови, «Spice Girls» және т.б. қатысқан және DECCA фирмасымен CD және DVD-ге бастылырылған. Сонымен қатар, Р. Брузон, М. Девиа, Д. Десси, Э. Мей, Дж. Саббатини, Л. д’Интино, М. Сбрулати, Р. де Кандиа және т.б. ынтымақтастықта, пианист ретінде де әлемге танылған.