Джузеппе Акуавива

дирижер

Джузеппе Акуавива Болон университетінің философия және филология факультетінде өнер, музыка және театр саласы бағытында білім алды. Милан қаласындағы Католик университетінде «Өнер саласындағы менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алып шығып, П. Беллуджи, М. Де Бернарт, К. Вольпини маэстролар өткізген оркестрмен дирижерлау курстарына қатысты.

1992 жылдан бастап «Пьяццолла жобасы» квинтетінің скрипкашысы болды және оның құрамында концерттерге белсенді қатысып, ұлттық әрі халықаралық байқаулар марапаттарына ие болады.

1983-2000 жылдар аралығында солист ретінде (скрипка) Тоскана аспапты академиясы, Флоренция Камералық оркестрі, А. Модильяни оркестрі, Лавинияның Филармониялық оркестрі, Камерата Музикале, А. Вивальдінің аспапты тобы сияқты оркестрлер және камералық ансамбльдермен ынтымақтастықта болды.

2005 жылдан – Италияда және басқа да шетелдерде дирижерлік қызметпен белсенді шұғылданады. Бірнеше опералық-симфониялық концерттердің дирижеры болды, олар: Шанхай Ұлттық симфониялық оркестрімен концерт (Шанхай, 2006), Пуччини Марафоны (Токио, 2007). Пекин Ұлттық театрында Дж. Пуччинидің «Турандот» операсымен дирижерлық етті (2008).

2011 жылдың қаңтарынан бастап Дж. Акуавива Генуедегі Карло Феличе қорында көркемдік хатшы лауазымын атқарады.