Антонелло Аллеманди

Дирижер

Антонелло Аллеманди өз буынының ең қызықты дирижерлерінің бірі атанған. Ол Миланда дүниеге келіп, өнер жолын жиырма бір жасында Маджио Музикале фестивалінде бастады. Шығармашылық жолы оны ең үздік театрлар сахнасына әкелді, олар: Ла Скала, Вена Мемлекеттік Операсы, Бастилия Операсы, Париждегі Елисей даласы театры, Мәскеудегі Үлкен театр, Мадридтегі Реал театры, Барселонадаға Лисеу, Токиодағы Бунка Кайкан және Сантори Холл, Пезародағы Россини опералық фестивалі, Женевадағы Үлкен театр, Пармадағы Реджио театры мен Верди фестивалі, сондай-ақ Сентендере фестивалі және т.б. 1992-1997 жылдар аралығында А. Аллеманди Францияның ең көне симфониялық оркестрі – Париждегі Колонна Оркестрінің музыкалық директоры болды. Ол сонымен қатар Франция Радиосының жаңа филармониялық оркестрінде, Париждің оркестрлік ансамблінде, Лилль ұлттық оркестрінде, Монте-Карло және Луар елінің ұлттық оркестрлерінде дирижерлік қызмет атқарды. Италияда Аллеманди Туриндегі RAI оркестрінде, Римдегі Санта Чечилиа ұлттық академиясынық оркестрінде, Миландағы «Джузеппе Верди» Симфониялық оркестрі мен «Pomeriggi Musicali» оркестрінде дирижерлік етті.
Дж. Вердидің дүниеден өткеніне жүз жыл толуын мерекелеу кезінде Аллеманди Сан Себастьян фестивалі аясындағы «Верди Марафонында» («Набуккодан» «Фальстаффға» дейін) және Ним Амфитеатрындағы «Набуккоға» дирижерлік етті.
Ол сонымен бірге келесі маңызды қойылымдарда дирижер болды: Вена Операсында – «Севилия шаштаразы», «Махаббат шырыны», «Пуритане», «Травиата», «Трубадур», Ла Скалада – «Алжирдегі Итальян қызы», Париж Ұлттық Операсында – «Бал-маскарад» және «Тоска», Ковент Гарденде – «Севилия шаштаразы», Берлиннің Неміс операсында – «Аида», «Пират», «Тоска» және «Вертер», Кельнде – «Кармен», «Ауыл абыройы», «Паяцтар» және «Травиата», Мадридтің Реал театрында – «Дон Карло» (Вердидің жүз жылдығына орай), Женева Үлкен театрында, Болон театрында, Барселона мен Римдегі Лисеу театрларында – «Лючия ди Ламмермур», Метрополитан Операда – «Золушка», Токионың Жаңа ұлттық театрында – «Турандот», Пезародағы Россини фестивалінде – «Газета» және «Италиядағы Түрік» опералары.
2011/2012 жылдар маусымдық кезеңінде ол Мәскеуде – «Турандот», артынша Мумбайда – «Ауыл абыройы» мен «Паяцтар», Берлин Мемлекеттік Операсында – «Махаббат шырыны» операларына дирижерлік етіп, мол табысқа кенелді.
2012/2013 жылдар маусымында ол Вашингтон Операсында – «Анну Болейн», Берлин Мемлекеттік Операсында – «Мадам Баттерфляй», Лилль Операсында – «Севилия шаштаразы» және Мачератадағы Опера фестивалінде – «Набукко» операларына дирижерлік етті.
Оның дискографиясында келесі опералардың жазбалары бар: Доницеттидің «Алина» операсының тұңғыш жазбасы, (Nuova Era дыбыс жазатын компаниясы), сондай-ақ «Эльвида», «Франческа ди Фуа» және «Мария Стюарт» (Opera Rara дыбыс жазатын компаниясы), «Эрнани» (Реджио театрындағы қойылымнан Dynamic дыбыс жазатын компаниясының жазбасы, CD & DVD) және «Симон Бокканегра» (Сантандер фестивалінен жазба; RTVE) опералары.
Отызға жуық алуан түрлі опера қойылымдарын жүзеге асырған Бильбаода, Аллеманди ABAO қауымдастығының елу жылдық мерейтойында «Алтын Медаль» иегері атанды.