Арман Оразғалиев

Дирижер

2003 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдап, 2006 жылы «Үрлемелі аспаптар (тромбон)» мамандығы бойынша ассистентура-тағылымдамадан өткен, 2010 жылы осында «Опералық-симфониялық дирижерлеу» мамандығы бойынша білім алды.

Еңбек жолын Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында Мемлекеттік үрлемелі аспаптар оркестрінің әртісі ретінде бастады. 2001 жылдан – Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінде (МАСО) тромбондар тобының реттеушісі, 2003-2006 жылдар аралығында – Абай атындағы МАОБТ симфониялық оркестрінің әртісі болды. 2009 жылдан бастап Абай атындағы МАОБТ дирижері, ҚР МАСО бас дирижері В. Папянның ассистенті. 2010 жылдан – Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік консерваториясының опералық студиясында оқытушысы. 2014 жылдан – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының дирижері.

Оның репертуарындағы опералар: «Травиата», «Риголетто», «Трубадур», «Аида», «Бал-маскарад» (Дж. Верди), «Евгений Онегин» (П. Чайковский), «Тангейзер» (Р. Вагнер), «Махаббат шырыны» (Г. Доницетти), «Монтекки мен Капулетти» (В. Беллини), «Богема» (Дж. Пуччини), «Біржан – Сара» (М. Төлебаев), «Қыз Жібек» (Е. Брусиловский); балеттер – «Щелкунчик» (П. Чайковский), «Жизель» (А. Адан), «Дон Кихот» және «Баядерка» (Л. Минкус), «Ромео мен Джульетта» (С. Прокофьев), «Үлкен вальс» (И. Штраус), «Шехеразада» (Н. Римский-Корсаков), «Пульчинелла» (И. Стравинский), «Сильфида» (Х. Левенсхольд), «Тілеп пен Сарықыз» (А. Серкебаев), Ғ. Жұбанованың музыкасына жазылған «Қарагөз» және т.б.

Шығармашылық ұжымдармен бірге Еуропа, Азия,ТМД елдеріне және Қазақстан бойынша гастрольдерге шыққан.