Айдар Абжаханов

Дирижер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Алматы қ. туылған. 2004 ж. Алматы қ. Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясын «Симфониялық дирижерлеу» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ Мемлекеттік симфониялық оркестрімен алғаш жұмыс істеуінен кейін А. Абжаханов Санкт-Петерборлық Римский-Корсаков атындағы консерваторияға, әйгілі Илья Мусин сыныбына оқуға түседі (консерваторияны А. Титов сыныбында аяқтаған).

2005 ж. Айдар Абжаханов Bartok Festival Savaria Symphony (Сомбатхей, Венгрия), Золтана Пешко мастер-класында, сонымен ?атар сол жылы Венадағы Vidin Philarmonic Orchestra аясындағы Сальвадора Мас Конде мастер-класына қатысқан (Австрия). 2007 ж. А. Абжаханов Ла Скала театрында машықтанудан өткен (Милан, Италия). 2000-2013 жж. аралығында – К. Байсейітова атын. ҰОБТ дирижері.

Айдар Абжаханов қоюшы-дирижер ретінде іске асырған ?ойылымдары: «Щелкунчик», «Лебединое озеро» (П.И. Чайковский), «Жизель», «Корсар» (А. Адан), «Коппелия» (Л. Делиб), «Эсмеральда» (Ц. Пуньи), «Сильфида» (Х. Левенсхольд), «Шопениана» (Ф. Шопен), «Карнавал» (Р. Шуман), «Половецкие пляски» (А. Бородиннің «Князь Игорь» операсынан). «Баядерка», «Дон Кихот» (Л. Минкус) жә не т.б.