Нұрлан Бекмұхамбетов

Операның жетекші солисті. Тенор

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріТатарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.

1997 жылы Л. Собинов атындағы Саратов мемлекеттік консерваториясын үздік көрсеткішпен бітірген, 2005жылы – ПЧайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын тәмамдады(ғылыми жетекшісі Ирина Архипова). 1996-2000 жылдар аралығында – Саратов опера және балет театрыныңсолисті. 2001 жылы Ресейдің Мемлекеттік академиялық Үлкен театрында «Борис Годунов» операсымен алғашөнер көрсетті. Мұса Жәлил атындағы Татар академиялық опера және балет театрында (Қазан) солист ретіндееңбек етті. 2004 жылдан бастап Е. Колобов атындағы мәскеулік «Жаңа опера» театрының солисті2016 жылдан – «Астана Опера» МОБТ жетекші солисті.

МАРАПАТТАРЫ:

  • Ирина Архипова Қоры сыйлығының лауреаты;

  • Саратов облысы губернаторының «Губерния үміті» төсбелгісінің иегері;

  • «Viva il Tenore» халықаралық байқауының I сыйлық лауреаты (2003, Финляндия);

  • «Ресей тенорлары» фестиваль-байқауының I сыйлық лауреаты (2001, Мәскеу);

  • Бейжіңдегі халықаралық вокалшылар байқауының III сыйлық лауреаты (2002, Қытай);

  • Бибігүл Төлегенованың Бірінші халықаралық вокалшылар байқауының III сыйлық лауреатысоныменқатар әртістік өнері үшін және сахна көзайымы арнайы сыйлығының иегері (2001, Алматы);

  • «Portovo di Ancona» халықаралық байқауының III сыйлық лауреаты (2003, Италия);

  • М. Глинка атындағы XIX халықаралық вокалшылар байқауының IV сыйлық лауреаты (2001, Челябинск);

  • Үздік тенор ретінде Ян Кепура сыйлығының лауреаты; Краков опера театрына шақырылған (2004, Варшава);

  • «Бельведер» жас вокалшылар байқауының арнайы сыйлығы және Осло Патшалық операсына (Норвегия) шақырылған (2002, Вена, Австрия);

  • АҚШтағы Қазақстан Республикасының Мәдениет күндері аясында Карнегихоллда «Ұлы даланың ұлыәуендері» концертіне қатысқаны үшін Құрмет грамотасы (2014).

РЕПЕРТУАРЛАРЫ:

Ленский («Евгений Онегин»П. Чайковский)

Владимир («Князь Игорь», А. Бородин)

Синодал («Демон», А. Рубинштейн)

Альфред («Травиата», Дж. Верди)

Граф Альмавива («Севильдік шаштараз», Дж. Россини)

Манрико («Трубадур», Дж. Верди)

Баян («Руслан мен Людмила», М. Глинка)

Водемон («Иоланта», П. Чайковский)

Юродивый («Борис Годунов», М. Мусоргский)

Альфред («Жарқанат», И. Штраус)

Герцог Мантуанский («Риголетто», Дж. Верди)

Лоэнгрин («Лоэнгрин», Р. Вагнер)

Надир («Інжу іздеушілер», Ж. Бизе)

Неморино («Махаббат шырыны», Г. Доницетти)

Ринуччо («Джанни Скикки», Дж. Пуччини)

Тамино («Сиқырлы флейта», В.А. Моцарт)

Пеппе («Паяцтар», Р. Леонкавалло)

Щелкунчикханзада («Щелкунчик. Опера», П. Чайковский)

Рудольф («Богема», Дж. Пуччини, концерттік орындалуы)

Тенор партиясы («Кармина Бурана» кантатасыК. Орф)