Мейір Байнеш

Тенор
Операның жетекші солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2018).

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Жеке ән айту» мамандығы бойынша тамамдады (профессор, Қазақстанның Халық әртісі Ғ.Есімов сыныбы, 2010). Италияда машықтанудан өтті (Иези, Болонья, Милан). М.Френи, Р.Брузон, П.Барбаччинидің шеберлік сабақтарына қатысқан. 2008 жылдан – Абай атындағы МАОБТ солисі. 2014 жылдан – «Астана Опера» МОБТ жетекші опера солисі.

«Астана Опера» театрының әлемдік турнесі кезінде Carnegie Hall (Нью-Йорк, АҚШ), Sony Centre (Торонто, Канада), Opéra Bastille  (Париж, Франция), De Doelen (Роттердам, Нидерланды), Stadsschouwburg (Антверпен, Бельгия) сынды атақты залдарда өнер көрсетті.

Қазақстанның мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі – Карл Дженкинстың Shine Astana («Жарқыраған Астана») салтанатты одасын орындауға Мейір Байнеш те солист ретінде қатысты.

МАРАПАТТАРЫ:

  • XVI республикалық жас әншілер байқауының І сыйлық лауреаты (Шымкент, 2005);
  • «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ІІІ сыйлық лауреаты (Астана, 2007);
  • «Романсиада» халықаралық байқауының І сыйлық лауреаты (Мәскеу, 2008);
  • Н.Тілендиев атындағы халықаралық байқаудың Гран-при иегері (Тараз, 2009);
  • Б.Төлегенованың халықаралық байқауының ІІІ сыйлық лауреаты (Астана, 2011);
  • ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты (2011);
  • Рустем Яхин атындағы IV Халықаралық камералық әншілер мен концертмейстерлер байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Қазан, 2015);
  • Нұрғиса Тілендиев атындағы IV «Өз елім» байқау-фестивалінің «Классикалық вокал» аталымындағы Бас жүлде иегері (Астана, 2015).

РЕПЕРТУАРЫ:

Біржан («Біржан – Сара», М.Төлебаев)

Төлеген («Қыз Жібек», Е.Брусиловский)

Айдар («Абай», А.Жұбанов және Л.Хамиди)

Альфред («Травиата», Дж.Верди)

Ленский («Евгений Онегин», П.Чайковский)

Неморино («Махаббат шырыны», Г.Доницетти)

Каварадосси («Тоска», Дж.Пуччини)

Рикардо («Бал-маскарад», Дж.Верди)

Хабаршы («Аида», Дж.Верди)