Медет Шотабаев

Тенор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжінің вокал бөлімін бітірген (Семей, 2003). Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Жеке ән айту» мамандығы бойынша тамамдады (Қазақстанның Халық әртісі Б.Жылысбаевтың сыныбы, 2009). 2006-2008 жылдар аралығында Рената Тибальди мен Марио дель Монако атындағы академияда оқыған (Пезаро, Италия).

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында солист болып қызмет еткен. 2013 жылдан бастап – «Астана Опера» МОБТ опера жетекші солисі.

Шақырылған солист ретінде Graz Opera театрында (Австрия) В.Беллинидің «Норма» операсының премьерасында Поллион, Братислава Опера театрында (Словакия) және Teatro Municipal (Сан-Паулу, Бразилия) П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсындағы Ленский, Женева Үлкен театрында (Швейцария) және Карло Феличе театрында (Генуя, Италия) Дж.Пуччинидің «Богема» операсындағы Рудольф партияларын орындады.

МАРАПАТТАРЫ:

  • Қазақстан жас орындаушыларының IV республикалық байқауының II сыйлық лауреаты (2003)
  • Ұлы Абайдың 160 жылдығына арналған облыстық байқаудың бас жүлде иегері (2005)
  • «Шабыт» IX халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлде иегері (2006)
  • Бибігүл Төлегенованың  халықаралық вокалистер байқауының I сыйлық лауреаты (2007)
  • Беньямино Джильи атындағы халықаралық байқауының дипломанты (Порто-Реканати қ., Италия, 2008)
  • Глинка атындағы XXIII халықаралық байқауының I сыйлығы мен үздік тенор арнайы сыйлығының иегері (Мәскеу, 2009)
  • «XXІ ғасыр өнері» халықаралық байқауының бас жүлде иегері (Финляндия, 2009)
  • «Келешектің үздік дауыстары» халықаралық байқауының III сыйлық лауреаты (Париж, 2010)
  • «Опералия-2011» байқауының қатысушысы
  • Румыниядағы Х. Даркле атындағы халықаралық вокалистер байқауының бас жүлде иегері (2012)
  • Arena di Verona қорының Х халықаралық опера әншілері байқауының жеңімпазы (Италия, 2013);
  • ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты (2018);
  • Италия Жұлдызы Орденінің Кавалері (2018);
  • «Қазақстанның 100 жаңа есімі» Ұлттық жобасының жеңімпазы (2018).

РЕПЕРТУАРЫ:

Герцог («Риголетто», Дж. Верди)

Неморино («Махаббат шырыны», Г. Доницетти)

Рудольф («Богема», Дж. Пуччини)

Пинкертон («Мадам Баттерфляй», Дж. Пуччини)

Каварадосси («Тоска», Дж. Пуччини)

Ленский («Евгений Онегин», П. Чайковский)

Альфред («Травиата», Дж. Верди)

Төлеген («Қыз Жібек», Е. Брусиловский)