Татьяна Вицинская

Опера солисті (меццо-сапрано)

Қазақ ұлттық музыка академиясын «Хормен дирижерлау» мамандығы бойынша (Н.И. Кузнецова сыныбы, 1996) және Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетін «Жеке ән айту» мамандығы бойынша (доцент Т.Н. Руднева сыныбы) тәмамдады.

2005 жылдан – Астана Мемлекеттік филармониясының және К. Байсейітова атындағы ҰОБТ солисті болды. 2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ опера солисті. Musica in Laguna d’Arte опера фестивалінің шақырылған солисті (Италия).

Стефано ДжибеллатоМаурицио СкарфеоЭдуардо СиравоДжанни ТангуччиСары Мингардо,Mauro PerisinottoБруно БаглиониAlberto Paloscia шеберлік сабақтарынан өткен (Италия, 2010-2016).

МАРАПАТТАРЫ:

  • «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты (Астана, 2006);

  • «Романсиада» халықаралық вокалшылар байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Шымкент, 2009);

  • ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты

РЕПЕРТУАРЫ:

Марселина, Керубино («Фигароның үйлену тойы», В.А. Моцарт)

Флора («Травиата», Дж. Верди)

Маддалена («Риголетто», Дж. Верди)

Кармен («Кармен», Ж. Бизе)

Берта («Севильдік шаштараз», Дж. Россини)

Ольга, Ларина («Евгений Онегин», П. Чайковский)

Марта («Иоланта», П. Чайковский)

ПолинаМиловзор («Пиковая дама», П. Чайковский)

Балым («Қамар сұлу», Е. Рахмадиев)

Қарлығаш («Абай», А. Жұбанов және Л. Хамиди)

Аналық («Біржан – Сара», M. Төлебаев)

Судзуки («Мадам Баттерфляй», Дж. Пуччини)

Амнерис («Аида», Дж. Верди)

Меццосопрано партиясы: «Реквием» (В.А. Моцарт), «Мессия» (Г.Ф. Гендель), №9 симфония (Л. Бетховен), «Страсти по Матфею» (И.С. Бах), «Шағын салтанатты месса» (Дж. Россини), «Сильве Регина» және «Stabat Mater» (Дж. Перголези).