Гүлжанат Сапақова

(Русский) Меццо-сопрано

1992 жылы П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін «Хормен дирижерлеу» мамандығы бойынша, 1999 жылы – Құрманғазы атындағы АМК «Жеке ән айту» мамандығы бойынша (КСРО халық әртісі Б.А. Төлегенова сыныбы) тәмамдады. 2002 жылы ҚазҰМА аспирантурасын «Жеке ән айту» мамандығы  бойынша бітірді. Аризона вокал Академиясында (АҚШ, 2006) және Ла Скала театрының Академиясында (Италия, 2010) машықтанудан өтті.

1999-2000 жж. – Абай атындағы МАОБТ солисті, 2000-2006 жж. – ҚазҰМА вокал бойынша ұстазы, 2001-2014 жж. – К. Байсейітова атындағы ҰОБТ солисті, 2014 жылдан – «Астана Опера» МОБТ солисі.

 

МАРАПАТТАУЛАРЫ:

– «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты (Астана, 2000);

– Б. Төлегенованың І халықаралық вокалшылар байқауының III жүлделі лауреаты (Алматы, 2001);

– «Романсиада» Х халықаралық романс орындаушылары байқауының I жүлделі лауреаты (Шымкент, 2007);

– «Надежды, таланты, мастера» XII халықаралық фестиваль-байқауының III жүлделі лауреаты (Болгария, 2007);

– «Gittа’dі Fasano» халықаралық вокалшылар байқауының II жүлделі лауреаты (Италия, 2008);

– Future Stars халықаралық байқауының I жүлделі лауреаты (Түркия, 2013).

 

РЕПЕРТУАРЛАРЫ:

Амнерис (Дж. Верди, «Аида»)

Шарлотта (Ж. Массне, «Вертер»)

Тоска (Дж. Пуччини, «Тоска»)

Ольга (П. Чайковский, «Евгений Онегин»)

Маддалена (Дж. Верди, «Риголетто»)

Сузуки (Дж. Пуччини, «Мадам Баттерфляй»)

Берта (Дж. Россини, «Севилия шаштаразы»)

Флора (Дж. Верди, «Травиата»)

Эмилия (Дж. Верди, «Отелло»)

Марцелина, Керубино (В.А. Моцарт, «Фигароның үйлену тойы»)

Никлаус (Ж. Оффенбах, «Гоффман ертегілері»)

Эболи (Дж. Верди, «Дон Карлос»)

Сантуцци (П. Масканьи, «Ауыл абыройы»)

Любаша (Н.А. Римский-Корсаков, «Патша қалыңдығы»)

Балым (Е. Рахмадиев, «Қамар сұлу»)

Аналық (М. Төлебаев, «Біржан – Сара»)

Қарлығаш (А. Жұбанов және Л. Хамиди, «Абай»)

Қамқа (Е. Брусиловский, «Қыз Жібек»)

Королева (М. Минков, «Сиқырлы музыка»)