Дина Хамзина

Меццо-сопрано, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Операның жетекші солисті

 

 

Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Музыка мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдады (Қазақстанның Халық әртісі Б.Әшімова және Г.Кармолдаеваның сыныбы, 1994). Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында машықтанудан өтті (Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ш. Әбілованың сыныбы). Ла Скала академиясының ұстаздары Лучана д‘Интино және Винченцо Скалероның шеберлік сабақтарынан өтті (Италия).

2000–2013 жылдарда – Абай атындағы МАОБТ солисті.

2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ опера труппасының жетекші солисті.

 

МАРАПАТТАРЫ:

  • Б. Төлегенованың халықаралық вокалшылар байқауының І сыйлық лауреаты (2004);
  • К. Байсейітова атындағы республикалық вокалшылар байқауының Гран-при иегері (2005);
  • Әлемнің өнер орындаушылары чемпионатының Алтын медалі (АҚШ, 2006);
  • Ф. Шаляпин атындағы халықаралық опера өнері фестивалінің қатысушысы (Грекия, 2007; Татарстан, 2008).

 

РЕПЕРТУАРЫ:

Аналық («Біржан – Сара», М. Төлебаев)

Қамқа («Қыз Жібек», Е. Брусиловский)

Қарлығаш («Абай», А. Жұбанов және Л. Хамиди)

Кармен («Кармен», Ж. Бизе)

Амнерис («Аида», Дж. Верди)

Полина, Миловзор («Пиковая дама», П. Чайковский)

Ольга («Евгений Онегин», П. Чайковский)

Сузуки («Мадам Баттерфляй», Дж. Пуччини)

Маддалена («Риголетто», Дж. Верди)

Азучена («Трубадур», Дж. Верди)

Ульрика («Бал-маскарад», Дж. Верди)

Шарлотта («Вертер», Ж. Массне)

Любаша («Патша қалыңдығы», Н. Римский-Корсаков)

Меццо-сопрано партиясы (В.А.Моцарттың Реквиемі)

Меццо-сопрано партиясы (Л.Бетховеннің № 9 симфониясы)