Жанат Шыбықбаев

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

1995 жылы ҚҰрманҒазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын «Жеке ән айту» мамандығы бойынша, профессор Г. Есімовтың сыныбында тәмамдады. 1997 жылдан бастап Республикалық Гвардияның Президенттік оркестрінің солисі; 2000 жылдан 2013 жылға дейін К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солисі; 2007 жылы Италияда (Йези) машықтанудан өтті.
2013 жылдың маусымынан «Астана Опера» МОБТ жетекші солисі.
Гастрольдік қойылымдармен Жапон, Германия, Франция, Солтүстік Корея, Италия, Түркия, Ресей, Түркіменстан және т.б. шықты.

МАРАПАТТАУЛАРЫ:
Н. Халмамедов атындағы I халықаралық байқауының дипломанты (Ашхабат қ, 1995)
«Сәуір көктемі» халықаралық фестивалінің Күміс жүлдегері (Пхеньян қ,)
«Шабыт» халықаралық фестивалінің I сыйлығының лауреаты (Астана қ, 1998)
«Құрмет» орденінің иегері (2013)

РЕПЕРТУАРЛАРЫ:
Абай (А. Жұбанов және Л. Хамиди, «Абай»)
Жанбота (М. Төлебаев, «Біржан-Сара»)
Нұрым (Е. Рахмадиев, «Қамар-сұлу»)
Бекежан (Е. Брусиловский, «Қыз Жібек»)
Бонза (Дж. Пуччини, «Мадам Баттерфляй»)
Граф Монтероне (Дж. Верди, «Риголетто»)
Жермон, Маркиз д’Обиньи (Дж. Верди, «Травиата»)
Амонасро (Дж. Верди, «Аида»)
Зарецкий (П. Чайковский, «Евгений Онегин»)
Бартоло (Дж. Россини, «Севилия шаштаразы»)
Судья (Ж. Массне, «Жас Вертердің махаббаты мен өлімінің тарихы»)
Фигаро (В.А. Моцарт, «Фигароның үйлену тойы»)
Скарпиа (Дж. Пуччини, «Тоска»)