Сүндет Байғожин (баритон)

Баритон
Операның жетекші солисі
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

СҮНДЕТ БАЙҒОЖИН (баритон)

Операның жетекші солисі 

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 

Қазақ Ұлттық музыка академиясын «Жеке ән айту» мамандығы бойынша тамамдады (ұстазы – Қ.Ә. Әбдіқадыр, 2008). Йези қаласында опералық вокал бойынша машықтанудан өтті (Италия, 2007), кейін Озимоның вокал өнері академиясында опералық әндетуден дайындық курсын бітірді (Accademia D’Arte Lirica, Италия, 2009-2010), Дж.Россини атындағы академияда машықтанудан өтті (Пезаро, Италия, 2015-2016). 2007 жылдан – К. Байсейітова атындағы ҰОБТ солисі болды. 2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ жетекші опера солисі. 2017 жылдан – Рим опера театрының шақырылған солисі. 

 

МАРАПАТТАРЫ:

  • «Шабыт» халықаралық фестивалінің ІІ сыйлық лауреаты (Астана); 
  • Н.Тілендиев атындағы халықаралық байқаудың І сыйлық лауреаты (Астана); 
  • Б.Төлегенованың V халықаралық байқауының Гран-при иегері (Астана); 
  • «Тоти Даль Монте» халықаралық байқауының жеңімпазы (Треэвизо, Италия); 
  • Arena di Verona қорының Х халықаралық опера әншілері байқауының жеңімпазы (Италия, 2013); 
  • «Үлкен опера-2016» тележобасының ақтық айналым қатысушысы (Ресей); 
  • ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты (2016);
  • «Құрмет» орденінің кавалері (2017); 
  • «Сахнагер-2018» ұлттық театр сыйлығының «Үздік опера солисі» номинациясы бойынша лауреаты; 
  • А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсында басты партияны орындағаны үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2018).

 

РЕПЕРТУАРЫ: 

Абай («Абай», А.Жұбанов және Л.Хамиди) 

Бекежан («Қыз Жібек», Е.Брусиловский) 

Марсель («Богема», Дж.Пуччини) 

Эскамильо («Кармен», Ж.Бизе) 

Жорж Жермон («Травиата», Дж.Верди) 

Шарплес («Мадам Баттерфляй», Дж.Пуччини) 

Онегин («Евгений Онегин», П.Чайковский) 

Леско («Манон Леско», Дж.Пуччини) 

Алеко («Алеко», С.Рахманинов) 

Малатеста («Дон Паскуале», Г. Доницетти)

Фигаро («Севильдік шаштараз», Дж.Россини) 

Эскамильо («Кармен», Ж. Бизе)

Джермано («Жібек саты», Дж. Россини)

Родриго («Дон Карлос», Дж. Верди)