Бауыржан Әндержанов

(Русский) Бас-баритон

2008 жылы Қазақ Ұлттық музыка академиясын (Қ. Абдықадыр сыныбы), Озимодағы Халықаралық опера өнерінің академиясын (2013) және 2012 жылы Пезародағы Россини Академиясын (Италия) тәмамдады.

2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ және Aalto Musiktheater (Эссен, Германия) солисті.

МАРАПАТТАРЫ:

  • Анита Черкетти атындағы ІІ Халықаралық опера байқауының жеңімпазы, Сполето Театрының атынан арнайы сыйлық иегері (Монтекосаро, Италия, 2012);

  • Франка Маттиуччи атындағы Халықаралық байқаудың ІІІ сыйлық лауреаты, арнайы сыйлық иегері (Асти, Италия, 2016).

РЕПЕРТУАРЫ:

Доктор Дулькамара («Махаббат шырыны», Г. Доницетти)

Зорастро («Сиқырлы флейта» В.А. Моцарт)

Иса пайғамбар («Вторые Страсти по Иоанну» ораториясы, А. Скарлатти)

Лорд СиднейПруденцио («Реймске саяхат», Дж. Россини)

Бас партиясы («Шағын салтанатты месса», Дж. Россини, дирижер – Альберто Дзедда)

Коллен («Богема», Дж. Пуччини)

Фигаро («Фигароның үйлену тойы», В.А. Моцарт)

Дон Альфонсо («Барлығы осылай істейді…», В.А. Моцарт)

Фотис («Греческие страсти», Б. Мартину)

Фарфалло («Үнсіз әйел», Р. Штраус)

Бонза («Мадам Баттерфляй» Дж. Пуччини)

Староста («Енуфа», Л. Яначек)

Цунига («Кармен», Ж. Бизе)

Беренгарио («Аделаида Бургундская», Дж. Россини)

Ормондо («Сәтті ұрлау», Дж. Россини)

Капеллио («Бьянка мен Фалльеро», Дж. Россини)

Озимо қаласындағы «La Nuova Fenice» сахнасында (Италия), Грац (Австрия), Сан-Этьен (Франция) опера театрларында өнер көрсеткенФранциядағы ҚР мәдени күндерінің аясында Париждегі беделді Gaveau залында (2012), Венадағы KonzertHausконцерт залында (Австрия, 2013), сондай-ақ Пезарода (Италия) және Вильдбадтағы Россини Фестивалінде (Германия) өнер көрсетті.