Жұпар Ғабдуллина

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Операның жетекші солисті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Жеке ән» мамандығы бойынша тәмамдады (доцент Р.А. Смаилова сыныбы, 2003). Осы оқу орнында аспирантурада, профессор, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ш.Қ. Әбілов сыныбында оқыды (2003-2005). 2007-2013 жылдар аралығында – Абай атындағы МАОБТ опера солисті. 2013 жылдан – «Астана Опера» МОБТ опера жетекші солисті. Ла Скала театрының Академиясында машықтанудан өтті (Италия, 2014).

Мариин-2 сахнасында Валерий Гергиевтің жетекшілігімен Дж. Вердидің «Аттила» операсында Одабелланы шырқап (Санкт-Петербург, 2014), Бастилия Опера сахнасында Одабелла партиясының концерттік нұсқасын орындады, дирижер Алан Бөрібаев (Франция, 2014).

2014 жылы Дж. Вердидің аттас операсынан Аида партиясын Румыния ұлттық опера және балет театрында Фридрих Пфайфердің дирижерлік етуімен (Бухарест) және Красноярск мемлекеттік опера және балет театрында А. Чепурнойдың дирижерлік етуімен орындады. Ыстамбұл опера театры мен Лейла Генджер атындағы опера театрының сахнасында (Анкара) М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсынан Сараның партиясын шырқады (2014).

Carnegie Hall (Нью-Йорк), Sony Centre (Торонто) сахналарында, Stadsschouwburg залында (Антверпен), De Doelen (Роттердам) концерттік залында, Ханой ұлттық опера және балет театрында (Вьетнам) өнер көрсетті.

МАРАПАТТАРЫ:

  • К. Байсейітова атындағы XII республикалық вокалшылар байқауының дипломанты (Астана, 2002);

  • Е. Хасанғалиев республикалық байқауының I сыйлық лауреаты (Семей, 2003);

  • Ғ. Жұбанова атындағы республикалық байқаудың I сыйлық лауреаты (Астана, 2005);

  • Б. Төлегенова III халықаралық вокалшылар байқауының III сыйлық лауреаты (2007);

  • М. Глинка атындағы халықаралық вокалшылар байқауының «II турға қатысқаны үшін» Құрмет грамотасы (Мәскеу, 2009);

  • Италиядағы Дж. Пуччинидің «Турандот» опера әншілері халықаралық жобасының қатысушысы (Верона, 2009);

  • «XXI ғасыр өнері» халықаралық вокалшылар байқауының Гран-при иегері (Киев, Украина, 2010);

  • Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (2012);

  •  Н. Тілендиев атындағы республикалық байқаудың Гран-при иегері (Астана, 2013);

  • 2009 жылдан Елбасы – ҚР тұңғыш Президенті қорының грант иегері;

  • Елбасы – ҚР тұңғыш Президенті қорының лауреаты (2014);

  • Мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендия лауреаты (2015).

РЕПЕРТУАРЫ:

Аида («Аида», Дж. Верди)

Леонора («Трубадур», Дж. Верди)

Одабелла («Аттила», Дж. Верди)

Амелия («Бал-маскарад», Дж. Верди)

Турандот («Турандот», Дж. Пуччини)

Тоска («Тоска», Дж. Пуччини)

Недда («Паяцтар», Р. Леонкавалло)

Лиза («Пиковая дама», П. Чайковский)

СараАлтынай («Біржан – Сара», М. Төлебаев)

Ажар («Абай», А. Жұбанов және Л. Хамиди)

Дана («Ер Тарғын», Е. Брусиловский)

Нигяр («Кероғлы», У. Гаджибеков)