Жаннат Бақтай

Сопрано ?Р Е?бек сі?ірген ?ртісі

1996 жылы  Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын «Жеке ән айту» (професссор Н.А. Шәріпова сыныбы) және «Фортепиано» (Н. Измаилов сыныбы) мамандықтары бойынша бітірді. 1998 жылы «Жеке ән айту» сыныбы бойынша ассистентура-машықтанудан өтті. Йези қаласында (Италия, 2009 ж.); Associazione Opera Italiana di Bologna’да (Болонья қ., Италия); ACCADEMIA Teatro alla Skala’да (Милан қ., Италия) халықаралық машықтанудан өтті.

1998 жылдан Республикалық Гвардияның Президент оркестрінің солисті; сол жылдан Абай атындағы МАОБТ солисті; 2000 жылдан К. Байсейітова атындағы ҰОБТ солисті; 2013 жылдан бастап «Астана Опера» МОБТ жетекші солисі.

 

МАРАПАТТАУЛАРЫ:

  • М. Глинка атындағы халықаралың байңау лауреаты (1997)
  • Бакудегі Бюль-Бюль атындағы халықаралық байқауының лауреаты (1998)
  • Болгариядағы халықаралық байқауының лауреаты (София қ., 2003)
  • Пхеньянда өткен «Сәуір көктемі» халықаралық фестиалінің лауреаты (2003)
  • «Қазақстан Таңдауы» сыйлығының лауреаты, «Жыл адамы – 2003»
  • «Құрмет» орденінің  иегері (2005)

Жаннат Бақтай Абай атындағы МАОБТ (Алматы), Қазан опера театры, Үлкен театр, Жаңа опера (Мәскеу), Саратов академиялық опера және балет театры сахналарында, сондай-ақ «Кеннеди Орталығы», Линкольн-театры (Вашингтон), «Карнеги-Холл» (Нью-Йорк), «Сантори-Холл» (Токио) және тағы басқа күллі әлемге танымал концерттік залдарда ән айтты. Ринат Салаватов, Фуат Мансуров, Ринкявичус сияқты атақты дирижерлармен бірігіп жұмыс істеген. Туа біткен нәзік әртістік қасиетінің арқасында тек қана опералық репертуарды ғана емес, сонымен қатар камералық музыканы орындауға мүмкіндік береді. Әншінің концерттік репертуары Г.Ф. Гендельдің, Б. Перголезидің шығармаларынан бастап Р. Штраустың, Р. Вагнердің, С. Прокофьевтің шығармаларына дейінгі аралықты қамтиды.

РЕПЕРТУАРЛАРЫ:
Жібек (Е. Брусиловский, «Қыз Жібек»)
Алтынай (М.Төлебаев, «Біржан-Сара»)
Қамар (Е. Рахмадиев, «Қамар-сұлу»)
Мамыр (Б. Кыдырбек, «Қалқаман-Мамыр»)
Виолетта (Дж. Верди, «Травиата»)
Джильда (Дж. Верди, «Риголетто»)
Дездемона (Дж. Верди, «Отелло»)
Одабелла (Дж. Верди, «Аттила»)
Розина (Дж. Россини, «Севилия шаштаразы»)
Чио-Чио-Сан (Дж. Пуччини, «Мадам Баттерфляй»)
Сюзанна (В.А. Моцарт, «Фигароның үйлену тойы»)
Ж. Оффенбахтың «Гофман ертегілері», Дж. Пуччинидің «Богема», «Манон Леско», «Турандот» операларындағы басты партиялар