Маргарита Дворецкая

ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясын тәмамдады (профессор, РКФСР Халық әртісі В.Н. Левко сыныбы, 1997). Мариин театрында машықтанудан өтіп, дирижер – Ресейдің Халық әртісі Валерий Гергиевпен бірге Н. Римский-Корсаковтың «Снегурочка», С. Прокофьевтің «Семен Котко», «Война и мир» операларында еңбек етті. Әйгілі вокал ұстаздары – Рената Скотто, Ирина Архипова, Елена Образцова, Мати Пальм, Грайр Ханеданьян шеберлік сабақтарына қатысты (1997–2000).

2002 жылдан – К. Байсейітова атындағы ҰОБТ солисті.

2013 жылдан бері – «Астана Опера» МОБТ опера жетекші солисті.

Флорида Үлкен операсында еңбек етіп (АҚШ, 2011, «Тоска»), Йези және Мачерата театрларында өнер көрсетті (Италия, 2007). 2017 жылы Грац қаласында «Турандот» операсына қатысуы жоспарланған (Австрия).

МАРАПАТТАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ:

  • Елена Образцованың Халықаралық жас опера әншілері байқауының дипломанты (Санкт-Петербург, 1997);

  • М. Глинка атындағы Халықаралық вокалшылар байқауының лауреаты (Челябинск, 2000);

  • К. Байсейітова атындағы Республикалық вокалшылар байқауының лауреаты (Астана, 2001).

РЕПЕРТУАРЫ:

Татьяна («Евгений Онегин»П. Чайковский)

Лиза Пиковая дама»П. Чайковский)

Мими («Богема»Дж. Пуччини)

Чио-Чио-сан («Мадам Баттерфляй»Дж. Пуччини)

Тоска («Тоска»Дж. Пуччини)

Аида («Аида»Дж. Верди)

Купава («Снегурочка»Н. Римский-Корсаков)

Любка («Семен Котко»С. Прокофьев)

Турандот Турандот», Дж. Пуччини)

Леонора Тағдыр күші», Дж. Верди)

Леонора Трубадур», Дж. Верди)

Феврония Сказание о неведомом граде Китеже», Н. Римский-Корсаков)

Кума Чародейка», П. Чайковский)

Елизавета («Тангейзер», Р. Вагнер)

Лиза Бричкина («А зори здесь тихие», К. Молчанов)

Катерина Измайлова («Леди Макбет», Д. Шостакович)